2025 жылдың 20 қазанынан бастап Қазақстанда жеке тұлғаларға жүк көліктері мен автобустарды әкелуге тыйым салу туралы шешім күшіне енеді. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі хабарлады.
20 қазаннан бастап жеке тұлғалар тек жеңіл автомобильдер мен квадроцикл, мотодельтаплан, мотоцикл, мопед және мотороллерді ғана әкеле алады. Автобустар мен жүк көліктерін елге тек заңды тұлғалар импорттай алады.
Бұл тізімге кірмейтін көліктерді кедендік рәсімдеуден өткізуге және мемлекеттік тіркеуге қоюға болмайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия биыл «жекелеген көлік құралдары» ұғымын нақтылап, Кеден одағының «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне түзетулер енгізді. Комиссия шешіміне сәйкес, енді жеке тұлғаның қажеттілігі кәсіпкерлік қызметпен байланысты болмауға тиіс.
фото: freepik.com

