Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 22 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстандағы микроқаржы нарығы: несие портфелі нашарлады, талап та қатаңдады
Айбар Олжай sarapshy.info 28/11/2024

Қазақстандағы микроқаржы нарығы: несие портфелі нашарлады, талап та қатаңдады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

 2024 жылдың екінші жартысындағы мәліметке сәйкес, Қазақстанда ресми түрде 227 микрокредиттік ұйым (МҚҰ) тіркелген. МҚҰ саны мен олардың кредиттік портфелі бойынша Қазақстан Орталық Азияда көш бастап тұр. Аймақ бойынша бізде осы нарық өте жақсы дамыған. Бірақ оның тым күрт өсуі мемлекетті алаңдата бастады. Себебі  шағын несиелердің пайызы жоғары болғандықтан олар халықты қарыз шырмауына одан сайын батыруда.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚНРДА) мәліметінше, еліміздегі шағын несиелердің көлемі, яғни несие портфелі 1,3 триллион теңгеден асып кеткен. Долларға шаққанда бұл – 2,8 миллиард $. Кейінгі 12 ай бойы микрокредиттер көлемі әр тоқсан сайын орташа есеппен 4,3%-ға өсіп отырған. Соңғы екі жылда берілген қарыздар саны қарыз алушылар санынан екі есе артты. Бұл микрокредиттерге сұраныстың үлкен екенін, және МҚҰ клиенттері бір қарыз алғаннан кейін қайтадан микрокредит алатынын аңғартып отыр. Дәлел ретінде, соңғы бес жарым жылда Қазақстанда МҚҰ-ға жүгінгендердің саны 300 мың адамнан 1,6 миллион адамға дейін өсті. Осы 1,6 миллионның құрылымын сараласақ, оның 90%-ы жеке тұлғалар, 8%-ы жеке кәсіпкерлер және 2%-ы – заңды тұлға болып табылатын компаниялар.

Елімізде қалыптасқан дәстүр бойынша шағын несиені көбіне жеке тұлғалар алады. Олар кәсіпкер немесе бизнес өкілдері емес. Шағын несие айлыққа дейін күнелтуге, отбасылық шығындарға жұмсалады. Бұл біздегі төмен және орташа айлықтың өмір сүруге жетпейтінін көрсетеді және осы үрдісті елдегі кедейшіліктің басты индикаторы деп бағалар едім. Қазір МҚҰ-лардың кепілмен беретін бір кредит сомасының орташа көрсеткіші 7,5 миллион теңге, ал кепілсіз несиелер үшін 750 мың теңгені құрайды.

Банктерге қарағанда МҚҰ-лардың несие пайызы неге жоғары?

Әу бастан бері микрокредиттердің пайыздық мөлшерлемелері дәстүрлі банктерге қарағанда жоғары болып келеді. Оның нарық қалыптастырған бір себебі бар. Әдетте, МҚҰ-ларға банктегі төлем қабілеттілігін тексеруден өте алмай қалған, ресми расталған табысы жоқ адамдар жүгінеді. Оларға қарыз берудің тәуекелі жоғары. Себебі қайтармай қою қаупі көп. Сондықтан МҚҰ өзінің болашақ шығындарын несие пайызын қымбаттату арқылы жабады. Яғни қарызын төлемей борышкер үшін несиені өтеген екі адам төлегендей болады.

Бірақ мұны мамандар шығатын есігі жоқ шырмауық деп бағалайды. Төлем қабілеті төмен адамдар жоғары пайыздық мөлшерлемелері бар шағын несиелерді алған сайын, олардың жағдайы одан әрі нашарлай түседі. Бұл халықтың қарыз жүктемесінің артуына әкеледі де, оның аяғы әлеуметтік шиеленіске алып келеді.

Біз қазірдің өзінде МҚҰ нарығында қарызды қайтармау көрсеткішінің жылдан жылға көбейіп бара жатқанын байқаймыз. Мысалы, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында микрокредиттік ұйымдардың несие портфелінің сапасы нашарлаған. Ұлттық Банктің деректеріне сәйкес, қарыз портфелінің (негізгі қарыздың) өсу қарқыны 7,9%-ды құраса, ал 90 күннен асып төленбеген қарыздардың көлемі 43%-ға артқан.

Мемлекет бұл жағдайда не істеді?

Әрине, мемлекет бұған қол қусырып қарап отырмайтыны белгілі. 2024 жылы шағын несиелер нарығын түпкілікті ретке келтіріп, тәртіп орнату үшін революциялық шешімдер қабылданды. ҚНРДА мен Ұлттық Банк микрокредиттеу саласын түпкілікті салқындатып, оның күрт өсуін тоқтатып, қайтарылмаған қарыздар үлесін азайтқысы келеді. Менің ойымша, бұл – дер кезінде қолға алынған тірлік. Ертең кеш болар еді.

Осы жылдың басынан бері ҚНРДА пруденциялық талаптарды жүйелі түрде бұзғаны үшін 7 микрокредиттік ұйымның лицензиясын қайтарып алды. Бұған дейін МҚҰ-ларды жаппай лицензиясынан айыру оқиғалары болмаған еді. Ережелердің қатаңдауы МҚҰ нарығынан ұсақ ұйымдардың кетуіне түрткі болды.

Ережелер негізінен МҚҰ беретін шағын несиелердің пайызына, яғни жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне, кредиттің шекті сомасына, кредитті беру процесіндегі растау үрдісіне қатысты болды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі директивті түрде төмендетілді. Баяғы 56% деген шекті меже жоқ. Нақты айтсақ, кепілсіз банктік несиелер бойынша ЖТСМ 56%-дан 46%-ға дейін, кепілмен берілетін банктік несиелер бойынша ЖТСМ 40%-дан 35%-ға дейін, МҚҰ микрокредиттері бойынша ЖТСМ 56%-дан 46%-ға дейін төмендетілді.

Енді 45 күнге дейін берілетін микрокредиттің бір күндік пайызы 0,3%-дан аспауы тиіс. Ал жалпы жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 179%-дан артық шықпауы қажет. Мұндай микрокредиттердің ең жоғары сомасы 45 АЕК-ке (166 140 теңге) дейін төмендетілді. Биыл МҚҰ-дан кепілсіз 45 күнге дейін ең көп дегенде 166 мың теңге ғана несие ала аласыз.

Онымен қатар, мерзімі 45 күннен асатын кепілсіз микрокредит сомасы 1100 АЕК-пен шектеліп отыр. Биыл бұл шамамен 4,1 миллион теңге. Одан артық ала алмайсыз. Тіркелуге жататын мүлікпен қамтамасыз етілмеген, 1000 АЕК-тен асатын несиелер үшін жеке тұлғаға жұбайының/зайыбының келісімі қажет болады.

Шағын несие нарығының басты проблемаларының бірі алаяқтар еді. Оған тосқауыл қою үшін мемлекет Egov порталында жалпы несие алудан өз бетінше бас тарту функциясын енгізді. Биыл алаяқтармен күрес аясында микрокредит беру процесін қатаңдатты. Микрокредиттік ұйымдар несие бергенде биометриялық идентификацияны қолдануға міндеттелді. Жаңа қаулы бойынша МКҰ-ларға биометриялық идентификацияны жүргізу кезінде фотосуреттер мен алдын ала жазылған бейнероликтерді қолданудан қорғауды қамтамасыз ету жұктелді.

Демек қашықтан қызмет көрсету барысында МКҰ-лар биометриялық идентификацияны және клиенттердің электронды цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) қолдануға міндетті болады. Күшейтілген биометриялық идентификация мен электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану комбинациясы азаматтарды заңсыз рәсімделген несиелерден қорғауға мүмкіндік беруі тиіс.

Жаңа шектеулер енгізілгеннен кейін МҚҰ нарығы қалай дамиды?

Менің ойымша, келесі жылдан бастап қадағалаушы бекіткен пруденциалды нормаларды орындай алмаған ұсақ микроқаржы ұйымдары нарықтан кетуі тиіс. Яғни жаппай лицензиядан айыру процесін көретін боламыз. Бұл өз кезегінде микронесие бойынша тәртіп орнап, портфельдің азаюына не болмаса өсу қарқынының бәсеңдеуіне түрткі болады деген сенім бар.

Айбар ОЛЖАЙ

Сурет: prodengi.kz

 

Автор

  • Айбар Олжай

    белгілі PR маман, журналист, публицист, қазақша коммуникация бойынша ЕҚЫҰ ұлттық кеңесшісі.

    Барлығын қарау
Жеке кәсіпкерлер Жеке тұлғалар Лицензия микроқаржы МҚҰ нарығы шағын несие
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.