Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді
Нұртай Текебаев Қаржы 28/06/2025

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың мамыр айында Қазақстанда жеке тұлғалардың теңгемен ашқан депозиттері бойынша орташа мөлшерлеме 14,3%-ға жетіп, бұл көрсеткіш соңғы 28 жылдағы рекордты жаңартты. Мұндай өсім 1996 жылдан бері алғаш рет тіркеліп отыр. Бұл дерек Data Hub сүйенген Ұлттық Банктің ресми статистикасынан белгілі. Мұндай жоғары мөлшерлеме — банктердің халықтан өтімділік тартудағы бәсекесінің артқанын көрсетеді.

Ranking.kz мәліметі бойынша қазақстандықтардың 75%-ы өз депозиттерін теңгемен сақтауда. Валюталық депозиттердің үлесі, керісінше, соңғы екі жылда 38%-дан 25%-ға дейін азайған.

Салымшылар қысқа мерзімге арналған депозитті таңдауда

Forbes.kz зерттеуі көрсеткендей, бүгінде салымшылар ұзақмерзімді депозиттерге емес, қысқа мерзімді жинақтарға басымдық беріп отыр. Яғни инфляциядан сақтану үшін тиімді қаржылық шешім қабылдауға бет бұруда. Сонымен қатар жинақ мақсаттары да өзгеріске ұшыраған.

Осыны Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) мен «Elim» маркетингтік және әлеуметтік-зерттеу  институтының бірлескен әлеуметтік зерттеуі де растайды. Халықтың 33%-ының банктерде депозиті бар. Депозиттердің 80%-ы теңгемен сақталынған.

Халықтың қаражат жинақтауының басты себептері:

  • күтпеген жағдайға дайын болу (52%),
  • жылжымайтын мүлік алу (16%),
  • білім мен бизнес ( 9%).
Кепілдік жүйесі нығайып келеді

Салымшылардың сенімін күшейтіп отырған тағы бір фактор — депозиттерге кепілдік беру жүйесі. ҚДКБҚ ұсынатын кепілдік сомалары:

  • 20 млн теңге – теңгедегі жинақ салымдарына;
  • 10 млн теңге – теңгедегі мерзімсіз шоттарға;
  • 5 млн теңге – валюталық салымдарға.

Бұл жүйе салымшылардың қауіпке бас тігуін азайтып, банктерге деген сенімнің артуына негіз болады. Қордың өзі 25 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазіргі таңда қаржылық тұрақтылықтың институционалдық негізі ретінде бағаланады.

Отбасы банк жаңа ереже қабылдады

Отбасы банкінің 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізетін жаңа ережелері — нарыққа тағы бір әсер етуші фактор. Атап айтсақ,

  • «Баспана жинақ» жүйесінен мерзімінен бұрын қаражат алушылар бонуссыз қалады;
  • Мақсатсыз шоттарға да шектеулер енгізілмек.

Банк бұл қадамдарды жинақ мәдениетін күшейту үшін жасаса, кейбір салымшылар бұны артық әкімшілік шектеу деп қабылдауы мүмкін.

Инвестиция құралы ретінде қарастырмайды

Қазақстандағы депозит нарығындағы жағдай күрделі, бірақ оң өзгерістер де бар. Бір жағынан, халықтың теңгеге деген сенімі артып, қысқа мерзімді, жоғары табысты өнімдерге сұраныс күрт өсті. Бұл, біріншіден, Ұлттық банктің жоғары базалық мөлшерлемені (16,5%) сақтап отыруымен, екіншіден, екінші деңгейлі банктердің өтімділік тартуға белсенді болуымен байланысты. Қазіргі таңда жеке тұлғалардың депозиттерінің 75%-ы теңгемен сақталып отыр. Девальвация қаупіне қарамастан ұлттық валютаға деген сенім біртіндеп нығайып келеді.

Elim институтының зерттеулері көрсеткендей, халықтың көпшілігі ұзақ уақыт бойы депозитке қаржы салуға құлық танытпай отыр. Көбі тосын жағдайға қамдану немесе қымбат дүние сатып алу үшін алдын ала қаржы жинайды. Мұндай жағдайда жинақ құрылымының тұрақтылығы, болашақта депозиттерді инвестициялық құрал ретінде қарау мүмкіндігі күмән тудырады.

Жалпы алғанда, Қазақстан депозиттік нарығында көлемі жағынан өсім байқалып отырғанымен, сапа тұрғысынан әлі қалыптасу үстінде. Бұл салада сенімді кепілдік жүйесі мен ашық қаржылық саясат маңызды рөл атқаратыны белгілі.

фото: pexels

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
банк Басты ақпарат депозит депозиттегі қаржы ерікті сақтандыру жинақ Инфляция Қаржы нарығы талдау халық
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.