Елдегі әуе паркі 2030 жылға дейін 103 ұшақпен толығады. Үкімет баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Қазақстанда әуе кемелерінің паркі 104 бірлікті құрайды.
Оның ішінде 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында жеткізілген алты жаңа Airbus A320 типті ұшағы мен бір жаңа Boeing 737 MAX 8 ұшағы бар.
2030 жылға дейін парк тағы 103 ұшақпен толығады, яғни 216 бірлікке дейін артуға мүмкіндік бермек.
«Биыл 36 жаңа халықаралық маршрут ашылып, нарыққа сегіз шетелдік авиакомпания келді. Ел ішінде 61 бағыт бойынша аптасына 850 рейс жасалады», — делінген хабарламада.
Елімізде көлік сервисін дамыту және әлеуметтік маңызы бар бағыттарды қолдау үшін тоғыз облыста 21 субсидияланатын маршрут жұмыс істейді. Бұл үшін 2025 жылы 6,4 млрд теңге бөлінген.
Қазір Үшарал, Үржар, Көкшетау, Түркістан және басқа да туристік бағыттарды дамытуға ерекше назар аударылып жатыр.
Фото: Freepik.com

