Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 22 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда тұрғын үйдің шаршы метрі 400 мың теңге болады деп болжануда
Нұрлыбек Рахманов Шолу 18/03/2022

Қазақстанда тұрғын үйдің шаршы метрі 400 мың теңге болады деп болжануда

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев Қазақстанда үй бағасының шаршы метрі кемі 400 мың теңге болады деп болжанып отырғанын айтты. Оның айтуынша, құрылыс материалдарының құны өседі, қымбатшылықтың екінші толқыны басталды. Оған қоса, маман бұған Ресейге салынған санкциялар әсер етуде деп топшылайды.

-Ай сайын пәтерлердің бағасы қымбаттап жатыр. 1 ай бұрын 320 мың болған, қазір 390 теңге, келешекте 400 мыңнан кем  болмайды. Қолжетімді баспананы айтып жатырмын, 1-2 класс баспанасы туралы айтып жатқан жоқпыз. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, саладағы жағдайды түсіну үшін елдегі құрылыс материалдарының тауарлық матрицасын қарастыру жеткілікті. Отқа төзімді цементтер мен ерітінділер өндірісі жолға қойылып, қажетті өндірістің 70,1%-ын қамтамасыз етіп отыр. Бетон бұйымдары (98,1%), портландцемент (86,8%), ерітінділер (99,8%), лак-бояу (66%) өнімдері шығарылады. Алайда қазақстандық тауарлар құрамына импорттық қоспалар қажет. Мысалы, ерітінділер мен бояуларға қажетті химиялық заттар елде өндірілмейді, көбінесе Германия, Англия, Франциядан жеткізіледі, — дейді «Қазақстан құрылысшылар одағы» төралқасының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасы бизнес өкілдерінің түйткілді мәселелерін жинау үшін жедел штаб құрған. Өйткені мәселе ушығып келеді. Олар жағдай реттелмесе, 30 мыңнан астам  құрылысшы жұмысынан айырылып, 600-ден астам құрылысқа қаржы табылмай қалуы мүмкін деп дабыл қағуда. Қауымдастықтың есебінше, құрылысқа қажет материалдар мен құрал-жабдықтардың 60 проценті шетелден келеді. Елде тек бетон, кірпіш қана шығады. Ал жоғары технологиялы материалдар жоқтың қасы дейді мамандар.

Ал Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин Қазақстанда тұрғын үй бағасы қатты қымбаттайды деген болжам жоғын мәлімдеді.

«Үй бағасы қатты өседі деп ойламаймын. Өйткені бұл қалай болғанда да халықтың сатып алу мүмкіншілігіне байланысты», — деді агенттік басшысы Мәжіліс кулуарында журналистердің сауалына жауап беріп.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
жұмыссыздық қымбатшылық Санкция үй бағасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025
Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
жаңалық

Қазақстандағы қант өндірісі дағдарыс алдында тұр

13/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.