Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 19 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда тұрғын үй жыл басынан бері 20 пайызға қымбаттады
Нұрлыбек Рахманов Шолу 09/10/2021

Қазақстанда тұрғын үй жыл басынан бері 20 пайызға қымбаттады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елімізде 2021 жылдың басынан бастап бастапқы тұрғын үй бағасы 11,7%-ға, қайталама тұрғын үй бағасы – 19,5%-ға өсті, деп хабарлады Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі.

Тұрғын үйге сұраныстың өсуін сатып алу-сату мәмілелерінің рекордтық саны куәландырады. Ол 2020 жылғы 8 аймен салыстырғанда 2,1 есе (177,6 мың мәміле) ұлғайып, 2021 жылғы 8 айда 370,2 мың мәміле болды.

Ипотекалық қарыздар бойынша халықтың борыш жүктемесі салыстырмалы түрде төмен болып қалып отыр, алайда оның ұлғаю үрдісі байқалады. Мемлекеттік кредиттік бюро деректері бойынша, 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша бір қарыз алушыға берешектің орташа сомасы жыл басынан бастап 10,4%-ға ұлғайып, 8,4 млн теңгені құрады (01.01.2021ж. –  7,6 млн теңге). Ипотекалық қарыз бойынша борыштың орташа сомасының ұлғаюы жылжымайтын тұрғын үй бағасының өсуімен түсіндіріледі.

Қарыз алушылардың басым көпшілігінің – 69%, 3,9 млн теңге орташа борыш сомасымен 10 млн теңгеге дейінгі сомаға берешегі бар (01.01.2021ж. – қарыз алушылардың 76%-да орташа борыш сомасы 3,9 млн теңге болатын 10 млн теңгеге дейінгі сомаға борышы болған). Бұл ретте қарыз алушылардың қалған 31%-на орташа борыш сомасы 18,3 млн теңге болатын (01.01.2021ж. –  18,4 млн теңге) ипотекалық қарыздар бойынша жалпы берешектің 68%-ы тиесілі.

Ипотекалық кредит берудің қолайлы талаптары, қарыз алушылардың төмен берешегі және ипотекалық қарыздар портфелінің өсуі салдарынан оның сапасы жақсаруда. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар ипотекалық қарыздардың көлемі жыл басынан бері 0,6 п.т. төмендеп, 46 млрд теңгені немесе 1,7%-ды құрады.

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
ипотекалық кредит тұрғын үй бағасы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Редакция таңдауы

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

20/02/2025
Саясат

АҚШ пен Ресей диалогы: Украина тағдыры талқыға түсті

18/02/2025
Шолу

Шетелден спортшы шақыру қаншалықты тиімді?

12/02/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.