Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда Әскери медицина академиясы ашылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 26/09/2024

Қазақстанда Әскери медицина академиясы ашылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы бейінді жоғары оқу орнын құру жобасын дайындаған.

Жаңа білім беру мекемесі Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери медицина орталығы базасында құрылмақ.

Қазір жоғары медициналық білім беру және әскери интернатура бағдарламалары бойынша әскери дәрігерлерді Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты базасында Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетімен бірлесіп дайындайды.

Ал жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламасы бойынша әскери-медициналық кадрларды дайындау «Астана» медициналық университетімен академиялық ұтқырлық шеңберінде Ұлттық қорғаныс университетінің әскери медицина кафедрасының базасында жүзеге асырылады.

Халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша Ресейде, Өзбекстанда, Арменияда, Қытайда және Түркияда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі медициналық білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярланады.

«Шетелде әскери медициналық білім алу тілдік кедергілердің, ұлттық және мәдени айырмашылықтардың болуымен, сондай-ақ дипломды тану рәсімдерінің ерекшеліктерімен байланысты екенін атап өткен жөн. Жобаны іске асыру қолда бар мекемелерді қайта ұйымдастыруды, қажетті инфрақұрылымды, академияның оқу-материалдық базасын құруды, білім беру бағдарламаларын әзірлеуді және лицензия алуды талап етеді», — делінген хабарламада.

Ұйымдастыру шаралары қорғаныс ведомствосының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен, Денсаулық сақтау, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен, «Қазақстан-Ресей медициналық университеті» мемлекеттік емес білім беру мекемесі және «Әскери медицина ардагерлері» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп өткізіледі.

Елде әскери медицина қызметінің құрылуын 1992 жылы ҚР Қарулы күштері Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылған кезден бастау алатынын атап өткен жөн.

Қарулы күштердегі емдеу, алдын алу қызметі құрамында емханалық бөлімшелері бар сегіз әскери госпиталь мен төрт лазаретте жүзеге асырылады. Сонымен қатар әскери бөлімдер мен мекемелерде 139 медициналық бөлімше жұмыс істейді.

Ресми дерекке сүйенсек, жыл сайын әскери медициналық мекемелерде стационарлық жағдайда орта есеппен 18 мыңға жуық пациент ем алады. 180 мыңға жуық адам амбулаториялық ем қабылдайды. Сондай-ақ 2,5 мыңнан астам ота жасалады.

Сурет: Қорғаныс министрлігі

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Әскери медицина академиясы Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан ҚР Қарулы күштері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.