Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Четверг, 26 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?
Нұртай Текебаев Біздің сараптама 25/06/2025

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда киік саны 4 миллионға жуықтады. Экология министрі Ерлан Нысанбаевтың дерегі бойынша 800 000 киікті аулауды жоспарлап отыр. Министрлік есепке алған 3,9 миллион киіктің 2,3 миллионы – Орал, 1,6 миллионы — Бетпақдала, 78 мыңы – Үстірт  популяциясына тиесілі.

Елдегі ақбөкендердің 80%-ы БҚО-да шоғырланған. Үкімет киік санын реттеу мәселесін тиісті деңгейде шеше алмай келеді. Киіктің негізгі өрісі — Казталов, Жәнібек, Жаңақала және Бөкей ордасы аудандарында. Бөкей ордасындағы «Алина» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Насимоллин ақбөкендер санын азайту өте өзекті деп санайды.

– Кейінгі жылдары киіктер санының күрт өсуі біздің өңірдегі шаруаларға айтарлықтай қиындық туғызып отыр. Егісіміз тапталды, шабындық жоқ, мал азығы жетіспейді. Табиғаттағы тепе-теңдік бұзылды. Киіктің жаппай көбеюі егістік пен мал шаруашылығына нақты қауіп  төндіріп отыр, – дейді Қайрат Насимоллин.

Қ. Насимоллин

Қожалық иесі киікті атуды кідіртпей бастау керек деп есептейді. Оның пікірі бойынша егістік егетін, мал бағатын шаруашылықтар киік популяциясының көбеюінен зардап шегіп отыр. Ақбөкендер сайын далада емін-еркін жосылып жүр. Киік көші республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік апатының жиілеуіне себеп болуда. Жол бойына киік оқыстан шығып қалып, адам өміріне қауіп төндіретін оқиғалар да аз емес.

 

– Киік – ауру тасымалдаушы емес деп ешкім нақты айта алмайды. Олармен бірге су ішіп, бірге жайылып жүрген малдың арасында аурудың таралу қарқыны жылдан-жылға күшейіп келеді. Мұның салдары – шаруалар үшін үлкен шығын, мемлекет үшін ветеринарлық дағдарыс. Бұл мәселе – бір ғана ауыл шаруашылығының проблемасы емес, халық денсаулығына, ел экономикасына тікелей әсер ететін көпжақты мәселе, – деді Қайрат Насимоллин.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ветеринария және биотехнология ғылыми зерттеу орталығының директоры, ветеринария ғылымдарының докторы, профессор Ғайса  Әбсатыров (суретте) киік санын реттеу мәселесін мемлекеттік құрылымдар тиісті деңгейде шеше алмағанын айтты. Бұл жұмысты ведомстволар екі жыл бұрын жедел бастау керек еді деп санайды. Ғалым жүздеген киіктің өзен-көлден жүзіп өтем деп батып кетіп жатқаны да судың сапасына әсер ететінін тілге тиек етті.

–  Ол суды адам да, мал да тұтынып, инфекция тарауы мүмкін. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне «Охотозопром» РМҚК БҚО филиалының  штатына және «Бөкей ордасы» табиғи резерватының мониторингтік топтарына ветеринар маман­дарды қосу керек деп бірнеше рет хат жаздым. Бұл ұсынысым да қараусыз қалды. Киіктің неден өліп жатқанын сараптау керек. Мал дәрігері  келіп, қарап болғанша, киіктің өлімтігін ит-құс, жыртқыш аңдар жеп кетеді. Клиникалық белгілері бар кесел­дің, әртүрлі жұқпалы аурудың тарауы ветеринарлық қауіп туғызып жатыр, – деді профессор.

Ғ. Әбсатыров

Әбсатыров қазіргі уақытта киік санын қолмен шектемесе, табиғаттың өзі реттеуі мүмкін екенін қаперге салды. Қатерлі ауру тараса, кең далада жүрген ақбөкендер күрт азайып кетуі мүмкін. Осыдан 10-12 жыл бұрын облыста мыңдаған киіктің қырылып қалғаны белгілі. Былтыр дәл осылай Ұлытау облысында  20 000 киік өлген. Малға да, киікке де ортақ кеселдер кездеседі. Сондықтан киікті аулау, оның мүйізін, терісін, етін кәдеге жарату – кезек күттірмейтін мәселе.

 

– Киікті бауыздағаннан кейін оның ішкі ағзаларын дер кезінде алып тастау керек. Бөкен денесінің ішкі мүшелерінде, асқазан-ішек жолдарында көптеген қоздырғыш бар. Осы қоздырғыштар асқынып, бүкіл киік етін жарамсыз қылады. Сондықтан киік соятын жерде тоңазытқышы бар көліктер (рефрижератор) дайын тұруы керек. Менің білуімше, олардың саны  жеткіліксіз. Өндірісті жеделдетіп жолға қою қажет. Киік етін өңдеп үлгеру үшін жылыжымалы ет комбинаттарын іске қосу керек, – деді Ғайса Әбсатыров.

Ғалымның айтуынша, киік етін өңдеу үшін ұсақ малдың өнімін өндіріске шығаруға арналған ветеринарлық-санитарлық ережелерді қолдана беруге болады. Осыған байланысты стандарттар қол­данысқа кеш еніп отыр. Ол үшін уақыт жоғалтудың қажеті жоқ еді дейді ол. Кеңес үкіметі кезінде ақбөкенді ау­лап, оның ет өнімдері дүкендерде тиын-тебенге сатылған. Сол тәжірибені қайта жаңғыртқан жөн. Ветеринарлық-санитарлық сараптамадан өткізіп, жоғары температурада қыздырған соң киік етін консервілеп, қалбырға салып, сауда орындарына  жөнелте беруге болады.

– Төрт түлікке де, киіктерге де жұғатын кесел көп. Сарып ауруы, аусыл, сібір жарасы, пастереллез, паразиттік ауру ортақ дерт болып есептелінеді. Экожүйеде табиғат заңдылығы бойынша кенелер көп таралған. Кененің салдарынан қан түйіршіктерін ыдырататын паразиттер өршиді. Айта кетерлігі, киіктерге инфекция малдан жұғуы ғажап емес. Себебі өңірде ауыл шаруашылығы жануарлары арасында эпизоотологиялық ахуал мәз емес. Ел бойынша ірі қараның сарыпқа шалдығу көрсеткіші жөнінен БҚО бірінші орында тұр, – деді профессор.

Тұрғындар арасында киік етін нағыз жеңсік ас деп санайтындар бар. Алайда оның өнімдерін нарыққа шығару жолдарын үкімет үйлестіре алмай отыр. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың доценті, техникалық ғылымдар кандидаты, «Тағам қауіпсіздігі» ғылыми-зерттеу зертханасы­ның жетекшісі Аян Оразовтың  айтуынша, ветеринарлық-санитарлық сарапатама қорытындысы бойынша ақбөкен етін күнде­лікті азық есебінде тұтынуға жарамды екені дәлелденген.

– Киік еті санитарлық-гигиеналық талаптарға сай, оның құрамында патогенді микроағзалар жоқ, денсаулыққа залалын тигізбейді. Қосымша зерттеулер ақбөкен  етін сақтау және өңдеу кезінде оның жақсы сақталатынын растады, яғни тамақ өнеркәсібіне пайдалануға болады. Оның құрамын талдасам, 100 грамм өнімде 21,2 грамм ақуыз, 13,7 грамм май бар, калориялық құндылы­ғы – 208 ккал. Зерттеулер көрсеткендей, ақбөкен етінің органолептикалық және құнды тағамдық қасиеті жоғары, – деп атап өтті жас ғалым.

фото: БҚАТУ баспасөз қызметі

Ірі қара малмен салыстырғанда киік етінің дәмі мен иісі жағымды. Ал ақуызының көп және майының аз болуы адамдардың оны нағыз диеталық өнім ретінде тұтына алатынын көрсетеді. Ет құрамында дәрумендер мен минералдар жеткілікті. Ақбөкен етін тағамға пайдалану ҚР «Стандарттау туралы», «Тамақ қауіпсіздігі туралы» заңдарына және «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» ЕАЭО 034/2013 техни-калық регламентіне сәйкес келеді.

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстан аумағында  қолданылатын  ұлттық  стандарттар:

ҚР СТ 3935-2023 «Ұшаға және жарты ұшаға  бөлшектелген еттер»;

ҚР СТ 3936-2023 «Ет консервілері.  Бұқтырылған киік еті. Техникалық шарттар»;

СТ ЖШС – 170340002426-03-2023 «Киік еті.  Ұшалар мен кесектер. Техникалық шарттар».

 

Қазіргі уақытта Жәңгір хан атындағы БҚАТУ ғалымдары ақбөкен етін пайдалана отырып, ет өнімдерінің рецептуралары мен технологияларын әзірлеп жатыр. Аян Жарылқасынұлы зерттеу нәтижелері азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді деп есептейді. Университетке қарасты зертхана мамандары киік еті мен құс етінен шұжық дайындап үлгерген. Оның құрамында құпия ингредиент бар екен. Жоба аясында абөкен етін өңдеу технологияларын дамыту ісі жалғасады.

БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжановтың айтуынша, 2023 жылы өңірде 29 мың киік ауланған. Одан кейін бір жыл бойы бұл жұмыс тоқтаған. Биыл облыста құралай маусымына дейін жүргізілген санақ науқанында 2,3 миллион киік есепке алынған. Санақ әуе көлігімен және аутокөлікпен жүргізілген. Төлдеу науқанынан кейін, шамамен, 3 миллионнан асып кеткен болуы керек деп есептеді инспекция басшысы. Дала жануары жыл сайын 30-40%-ға көбейіп отыр.

– Киіктер фермерлердің егістік алқаптарын таптап кетіп жатыр. Оңтүстік аудандарда су мәселесі де өткір күйінде тұр. Ақбөкен көбейген сайын топ-топ болып тығыз шоғырланып, жайылымда малмен бірге жүр, сондықтан жұқпалы ауру таралу қаупі жоғары. БҚАТУ ғалымдары әзірлеген биологиялық негіздеме бойынша облыстағы бөкен саны 600 000-нан аспауы керек. Осы себепті киік санын реттеу өте маңызды, – деп түсіндірді Рахымжанов.

Киіктер бар болғаны 5-6 жыл өмір сүреді екен. Сондықтан далада киік өлексесі де жиі кездеседі. Қай жерде киік ұшасы табылса, сол жердегі ауылдық округ әкімдігінің ма­мандары «Охотозопром» қызметкерлерімен бірлесіп, акт құжатын тіркеп, өлексені өртейді екен. Жыл басынан бері 1700 киік ұшасы осылай жойылған. Оның 562-сі Казталов ауданындағы Сарыөзен жағалауынан шығарылған. Яғни құралайлардың көбі суға батып кеткен. Ресей аумағында 1500 киік суға батқан.

– Қазіргі уақытта салалық ведомство киікті аулауға қатысты алгоритмдерді әзірлеп жатыр. Сонда әр мекеменің өз міндет-мақсаты айқындалады. Киікті тормен аулауға да, атуға да рұқсат берілді. Қазіргі уақытта киік етін қабылдайтын бес кәсіпорын анықталды. 2023 жылдың аяғында ұлттық стандарттар бекітілді. Ет өңдейтін кәсіпорындар өз өнімдерін саттыққа шығара алады. Шілде айынан бастап киіктің текелерін аулау басталады. Алдыңғы жылдардағы киік аулау маусымында жіберілген қателіктерді түзетуге тыры-самыз. Киік етін бұзып алмай, кәсіпорынға дер кезінде тасымалдау үшін әзірше он шақты рефрижератор иелерімен келісім жасалынды, –  деді Нұрлан  Сағынтайұлы.

Sarapshy.info бұған дейін киік мәселесін бірнеше мәрте сараптады.  2024 жылы «Киікстан» деректі фильмі жарыққа шықты.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
антисанитариялық жағдай БҚО киік саны Екінші ақпарат Киік Киік өндірісі киік саны Киік санын реттеу киік экологиясы өндіріс Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Таяу Шығыстағы бүгінгі жағдай мұнай бағасына қалай әсер етуі мүмкін?

24/06/2025
жаңалық

Шығыс Қазақстан техникалық университетіне техникалық парктің үлесі толық қайтарылды — ҚМА

20/06/2025
жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинге 1,5 мың киікті тарту етеді

17/06/2025

Жаңа мақалалар

Индонезияда тұтқынға алынған қазақстандықтарға ату жазасы тағайындалуы мүмкін

жаңалық 25/06/2025

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

Біздің сараптама 25/06/2025

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

Қаржы 25/06/2025

Көлік апатынан ҰҚК-ның екі қызметкері көз жұмды

Оқиға 25/06/2025

Қазақстаннан басқа елдерге қоныс аударатындардың саны азайып келеді

Шолу 24/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Индонезияда тұтқынға алынған қазақстандықтарға ату жазасы тағайындалуы мүмкін

25/06/2025

Қазақстанда шілде айында киікті аулау басталады: өңірдегі кәсіпорындар қаншалықты дайын?

25/06/2025

Тұрғын үй құрылыс жинағын басқа банктерден де ашуға болады – ҚНРДА

25/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.