Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда сақтандыру нарығының көрсеткіші 24,5%-ға артты
Дария Ғұмар Шолу 02/08/2025

Қазақстанда сақтандыру нарығының көрсеткіші 24,5%-ға артты

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың қаңтар-маусым айларында Қазақстанда 13 миллион сақтандыру шарты жасалды. Аталмыш көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 24,5%-ға көп. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі хабарлады.

Сақтандыру ұйымдарының активтері маусым айында 2,3%-ға өсіп, 3,4 трлн теңгеге жетті. Активтердің құрылымында негізгі үлес бағалы қағаздарға (72,5%), банктік салымдарға (7,1%) және сақтандыру дебиторлық берешегіне (4,4%) тиесілі.

Сақтандыру компанияларының міндеттемелері 2,4 трлн теңгеге дейін артып, жыл басынан бері 11,3%-ға өскен. Сәйкесінше, қазір таза пайда 109,7 млрд теңгеге жетті, ал ұйымдардың меншікті капиталы 1 трлн теңгеге дейін артты.

Жарты жылда сақтандыру сыйақыларының жалпы көлемі 800,1 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 19,5%-ға өсті. Бұл өсімнің басым бөлігі өмірді сақтандыру шарттарынан (+70,5%), зейнетақы аннуитеттері (+35,4%) және жазатайым оқиғалардан сақтандырудан (+54,4%) түскен қаражат.

Сонымен қатар, міндетті сақтандырудан түскен табыс 130 млрд теңгеге жетіп, оның ішінде автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру 21,6%-ға ұлғайды.

2020 жылдан бастап елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі жұмыс істейді. Жүйе азаматтар мен жұмыс берушілердің жарналары есебінен медициналық қызметтерді қаржыландырады. Оның мақсаты – тұрғындардың денсаулығын тиімді қорғау және қолжетімді қызметпен қамтамасыз ету.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыз азаматтардың сақтандыру мәртебесін сақтау үшін жергілікті әкімдіктер жарнаны өздері төлейді.

Елімізде бүгінде 25 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді, оның 10-ы адам өмірін сақтандырумен, 15-і жалпы сақтандырумен айналысады.

«Әулетті» сақтандыру компаниясының директоры Диларом Абишева Sarapshy.Info ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында тұрғындар өмірін сақтандыруға бейқам қарайтынын айтты.

«Қазақстандықтардың көпшілігі өмірді сақтандыруды әлі күнге дейін «шығын» немесе «алаяқтық» ретінде қабылдайды. Бұл түсінік тек қарапайым азаматтарда ғана емес, ірі компания басшыларының өзінде де кездеседі», — дейді сарапшы.

Оның айтуынша, сақтандыру – қаржылық жауапкершіліктің көрінісі. Жұмыс барысында адам өміріне қауіп төнсе, кейбір компаниялар еңбек инспекциясынан қорқып, «оқыс оқиға жұмыс орнында емес, басқа жерде болды» деп ақталуға тырысады.

Елімізде сақтандыру нарығы жыл сайын өсіп келеді. Мәселен, 2024 жылы 23,1 млн сақтандыру шартына қол қойылған, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 36,1%-ға көп. Соңғы жылдары Қазақстан халқы ерікті түрде өмірін сақтандыра бастады. 2025 жылдың алғашқы алты айында өмірді сақтандыру саласындағы 10 жетекші компанияның сақтандыру сыйақыларының көлемі 394,5 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артты. «Мемлекеттік ануитеттік компания» АҚ-ның дерегіне сәйкес, биыл халық зейнетақы аннуитеттерін, білім беру капиталын және өмірін жазатайым оқиғалардан сақтандыру үшін арнайы компаниялардың қызметіне жиі жүгінген.

фото: pexels.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Автосақтандыру құжаты әлеуметтік сақтандыру қоры Білім капиталы Еңбек шарты МӘМС медициналық сақтандыру Мемлекеттік ануитеттік компания міндетті сақтандыру өмірді сақтандыру Сақтандыру Сыйақы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.