Әлем бойынша 1 млрд-тан астам адам жан ауруына шалдыққан. Қазақстанда да жағдай күрделі: елде күйзеліске түскендердің үлесі 4,4%-ды құрайды. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен (3,9%) жоғары, деп хабарлады Ranking.kz.
Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының дерегінше, қазір 315 мыңнан астам қазақстандық динамикалық бақылаудан өтіп жүр. Олардың 205 мыңнан астамы – түрлі психикалық аурулары бар азаматтар.
Денсаулық сақтау министрлігінің 2021-2024 жылдарға арналған есептері бойынша, 2024 жылы психикалық немесе мінез-құлық проблемалары бар адамдардың саны 244 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артқан.
Депрессия кезінде еңбек демалысын алуға рұқсат берілді
Депрессия диагнозы анықталған қазақстандықтар еңбекке уақытша жарамсыздық парағын рәсімдей алады. Бұл ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі Tengrinews.kz сайтына берген түсініктемесінде растады.
Министрліктің мәліметінше, «депрессия» диагнозын тек психиатр дәрігер қоя алады. Егер дәрігер науқастың жағдайы оның еңбекке қабілеттілігін уақытша шектейді деп тапса, жеңіл дәрежелі депрессия кезінде де демалысын алуға болады.
Депрессияның орта және ауыр сатысында пациентке стационарлық ем ұсынылады. Денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес, емдеу кезінде демалыс мерзімі ұзартылуы мүмкін.
«Психикалық ауруға шалдыққанын білмейтін адамдар арамызда жүр» – психиатр
Психиатр Әйгерім Қыныртаеваның айтуынша, қазір қоғамда психикалық ауытқуға шалдықса да, тиісті диагнозы қойылмаған адамдар көп. Бұл түйткілді шешу үшін ауытқу белгілері байқалған адамдарды дәрігерлер дер кезінде ем алуға шақыруға тиіс. Елде аутизм мәселесіне де жеткілікті назар аударылмайды. Аутизм – Қазақстанда балалар арасында ең көп кездесетін диагноз.
БҚО бойынша балалардың штаттан тыс бас психиатры, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатры Әйгерім Қыныртаева Sarapshy Podcast-та жан ауруына шалдыққан қазақстандықтарды емдеу туралы кәсіби пікірін білдірді.
Қараңыз: Аутизм — ауру емес. Енді не?
фото: freepik.com

