Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда ЛГБТ пропагандасына қарсы қабылданған заң нені көздейді?
Дария Ғұмар Шолу 13/11/2025

Қазақстанда ЛГБТ пропагандасына қарсы қабылданған заң нені көздейді?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025 жылдың 12 қарашасында Қазақстан парламенті интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарында ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салатын заңды қабылдады. 29 қазанда құрамында 14 депутат бар жұмыс тобы елде ЛГБТ пропагандасына қатысты нақты заң жобасын әзірлеуқажет екенін атап өткен.

Сол талқылаулардың бірінде депутат Еділ Жанбыршин Feminita квир-бірлестігінің мүшелері түсірген видеоны көрсетіп, аталған ұйымға қарсылығын білдірді.

«Әркім өз қалағанынша өмір сүрсін, бірақ ЛГБТ-ны қоғам арасында насихаттауға қарсымыз», – деді ол.

Аталған бастама «Біз ҚР-дағы ЛГБТ-ның ашық және жасырын насихатына қарсымыз!» петициясы 50 мыңнан астам қолдау жинағаннан кейін қолдау тапты. Өзгерістер «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның аясында қабылданды.

Жаңа нормаға сәйкес ЛГБТ-ны насихаттаған тұлғалар 20 АЕК көлемінде (шамамен 78 мың теңге) айыппұл төлейді. Бір жыл ішінде заңды екінші рет бұзған жағдайда 40 АЕК немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған.

Қай кезден бастап талқыланды?

Қазақстанда ЛГБТ-ны үгіттеуге тыйым салу туралы тақырып алғаш рет 2012 жылы «Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғау туралы» заң талқыланған кезде көтерілді. 2015 жылы бұл заң қолданысқа енгенімен, оның ЛГБТ-ға қатысты тармақтары кейін қайта қаралды. Бұл өзгерістердің негізгі себебі – бірнеше шетелдік спортшының 2022 жылғы Олимпиаданы өткізуге үміткер болған Қазақстанға елге келуден бас тартуы.

2024 жылдың сәуірінде ЛГБТ насихатына тыйым салатын норманы «Масс-медиа туралы» заңға енгізу ұсынылды. Талқылау кезінде бұл әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылған, алайда аталмыш өзгеріс заң жобасының соңғы нұсқасына енген жоқ.

БҰҰ реакциясы

Біріккен ұлттар ұйымының тәуелсіз сарапшылары 2024 жылдың шілде айында Қазақстан Үкіметі пікір білдіру бостандығы мен гендерлік әралуандық белгілерін бұзатын заңнаманы кері қайтаруға тиіс деді.

«Егер үкімет петицияға жауап беріп, ЛГБТ насихатына тыйым салатын заң қабылдаса, бұл Қазақстан 2005 жылы ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде кепілдік берілген заң алдындағы пікір білдіру бостандығы мен теңдікті қоса алғанда, көптеген құқықтарды бұзады», — делінген БҰҰ хабарламасында.

Қазақстандағы жаңа заңнан хабардар болған шетелдік БАҚ-тар бұл тақырыпта бірнеше материал шығарды. Қазақстандағы ЛГБТ пропаганда шектеуіне BBC, Deutsh Welle және Euronews назар аударды.

Ресейде 2022 жылы ЛГБТ-ны насихаттауға толық тыйым салынды, ал 2023 жылы Жоғарғы сот «халықаралық ЛГБТ қозғалысын» экстремистік ұйым деп таныды.

Таяу Шығыс елдері арасынан Кореяда біржынысты некеге рұқсат жоқ, бірақ медициналық құқықтарын қорғау нормалары бар. Жапонияда некеге рұқсат берілмегенімен, тек кей өңірлерде азаматтық неке құқығы беріледі. Ал Қытайда тек ер адам мен әйел адам арасындағы неке заңды деп танылған, елде ЛГБТ насихатына шектеу қойылды.

Батыс елдеріне көз жүгіртсек, АҚШ-та 2015 жылдан бері біржынысты некеге заңды түрде рұқсат етіледі. Еуропада 18 ел ЛГБТ өкілдеріне заңды түрде отбасы құруға мүмкіндік береді.

 фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Жаңа заң жобасы ЛГБТ ЛГБТ пропагандасына қатысты заң Пропаганда
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.