Психолог, коучтарға бірыңғай стандарт бекітіледі. 14 ақпаннан бастап жаңа заң күшіне енді.
Заң коучтардың кәсіби біліктілігін бағалауға және қызмет сапасының талаптарын әзірлеуге бағытталған. Құжатта коучинг «клиенттің ойлау қабілетін, саналығын және әлеуетін дамытуға бағытталған кәсіби серіктестік» ретінде сипатталған.
Айта кетейік, заң 2025 жылдың 22 желтоқсанында бұйрықпен «Коучинг қызметі (коуч)» кәсіби стандарты бекітілді.
Коучтар әр үш жыл сайын кемінде 40 сағат оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін арттыруға тиіс. Сонымен қатар мамандар халықаралық талаптарға сай үш деңгейлі сертификат алуы керек.
Құжатта коучтардың бизнес, мансап, көшбасшылық, денсаулық, әл-ауқат, спорт және білім беру саласындағы жұмыс істей алатыны көрсетілген.
Халықаралық Коучинг федерациясы (ICF) Қазақстандағы бөлімшесі жүргізген зерттеуге сәйкес, 5 жыл бұрын елде 1000-ға жуық коуч болған. Олардың қызметін қолданатындардың қатарында мұнай-газ, тау-кен өндірісі, мемлекеттік және квазимемлекеттік салалардағы компаниялар көш бастап тұр.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, қазір Қазақстандағы коучтар санын атау мүмкін емес.
Таяуда желіде коуч Бақытбай Сабырбектің ерекше баланың анасына тіл тигізген видеосы қызу талқыланды. Психологиялық трансформация ұйымдастырған коуч баланың аутизммен ауыратынына «күйеуін менсінбегені себеп болды» деген тұжырым жасайды.
Қазір халықты түрлі тренингтерге шақыратындардың қарасы көп. Аталмыш шараларға қатысу құны орта есеппен 50 мың теңгеден басталады.
фото: istockphoto.com

