Елдегі 394 кәсіпорын өз қызметкерлеріне жалақы бойынша 2,3 млрд теңге қарыз екені анықталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Тексеру барысында 9,8 мыңнан астам қызметкердің еңбекақысы кешіктірілгені және қарыз көлемі 2 млрд теңгеден асқаны белгілі болды.
Еңбек инспекциясы 6,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтап, жұмыс берушілерге 3 369 ескерту берген.
Сондай-ақ елде бірнеше кәсіпорынға 428,2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, қазан айында БҚО-дағы екі кәсіпорын өз қызметкерлеріне 15,2 млн теңгеден астам жалақы қарыз екені анықталды.
фото: istockphoto.com

