2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан аумағында 138 төлем ұйымы тіркелген. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсіп отыр.
Биылғы бірінші жартыжылдықта төлем ұйымдарының сервистері арқылы жүзеге асырылған айналымдар 3,8 трлн теңгені құрады.
Ұлттық банктің мәліметінше, жекелеген төлем ұйымдарында көрсетілетін төлем қызметтері бойынша айналымдардың шоғырлануы байқалады. Жекелеген төлемдердің 74,4%-дан астамын нарықтағы 15 ұйым көрсетеді.
«2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы операциялардың көлемі жағынан клиенттердің мобильді құрылғылар мен интернет желісінің көмегімен бастама жасаған операциялары бойынша үлкен өсім байқалды. Мобильді құрылғылар мен интернет желісі арқылы 2 595 млрд теңгеге 291 млн операция жүргізілді (Өткен жылмен салыстырғанда 10%-ға өсті). Қолма-қол ақшаны қабылдауға байланысты операциялар бойынша төлем ұйымдары 804 млрд теңгеге 71 млн операция жүргізді. Бұл электрондық ақшамен жасалатын операциялардың айтарлықтай өскенін көрсетіп отыр», — деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Биыл 369,6 млрд теңгеге операциялар жүргізілді (30,6%-ға өсті).
Төлем ұйымдарының аумақтық таралуы:
- 92,0% (127 бірлік) – Алматыға,
- 5,8% (8 бірлік) – Астанаға,
- 1,4% (2 бірлік) – Қарағандыға,
- 0,7% (1) – Рудныйға
- 0,7% (1) – Қонаев қаласына тиесілі.
Сурет: freepik.com