Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда эко арқылы бала табуға арналған квота екі есе қысқарды
Дария Ғұмар Шолу 25/10/2025

Қазақстанда эко арқылы бала табуға арналған квота екі есе қысқарды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда әр алтыншы отбасы бала сүю бақытына жете алмай келеді. Елде жыл сайын шамамен 20 мыңға жуық адамға бедеулік диагнозы қойылады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шакизат Халықова мәлімдеді.

Мәселенің өзектілігіне байланысты мемлекет 2021 жылы «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын іске қосты. Бағдарлама аясында экстракорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) процедурасына тегін квота алуға болады. Алайда биыл көп отбасыға үміт сыйлаған бағдарламаға бөлінген бөлінген квота саны күрт азайды.

Sarapshy.info редакциясының сауалына Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді.

Квота екі есе қысқарды

2023 жылға дейін елімізде жыл сайын 7000 квота бөлінсе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 3500-ге дейін қысқарған.

Бұл туралы ең бірінші болып Қостанай облысының тұрғындары дабыл қақты. Өңірде экстракорпоральды ұрықтандыруға кезекте тұрған 300-ге жуық жұп бар. Бірақ биыл өңірге бөлінген квота саны екі есе азайып, оларды қолдану мерзімі жаздың соңына дейін қысқартылған.

Экстракорпоральды ұрықтандыру – жоғары технологиялы әрі қымбат медициналық процедура. Бірақ оның нәтижесі әрдайым оң бола бермейді. Британдық Lancet медициналық журналының мәліметінше, әлем бойынша ЭКҰ арқылы жүктілікке қол жеткізу көрсеткіші шамамен 45%-ды құрайды.

Бедеуліктің өсу себептері

Шакизат Халықованың айтуынша, бедеулікке шалдыққан адамдардың 95%-ында бұл ауру жүре келе пайда болған.

«Қазақстан отбасылары – 2024» баяндамасына сәйкес, 2019 жылы елде бедеулік диагнозымен есепте тұрғандар саны 10 мыңға жуық болса, 2024 жылдың ортасына қарай бұл көрсеткіш 29 мыңнан асты.

«Аңсаған сәби» бағдарламасы қалай жұмыс істейді?

2021 жылдан бастап экстракорпоральды ұрықтандыруға бөлінетін квота 7000-ға дейін артып, елде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске асты. Бағдарлама аясында бұл қызмет жылына бір рет тегін көрсетіледі.

Дәл сол 2021 жылы мемлекет қазақстандықтарға зейнетақы жинағын  медициналық қызметтерге қолдануға рұқсат берді. Жылына бөлінетін 7000 квота барлық жұпқа жетеді деген уәдемен, ЭКҰ бұл қызметтердің тізіміне қосылмады.

«Аңсаған сәби» квотасын алу үшін азамат алдымен тіркелген емханаға барып, диспансерлік есепке тұруға тиіс. Содан кейін толық медициналық тексерістен өтеді. Кейін оның құжаттарыжергілікті комиссияға жіберіледі.

Қазір Қазақстанда МӘМС шеңберінде ЭКҰ жасайтын 19 клиника бар. Олардың үшеуі — мемлекеттік, он алтысы — жекеменшік мекеме.

Министрлік түсіндірмесі

Денсаулық сақтау министрлігі 2024 жылы «Аңсаған сәби» бағдарламасына 7000 квота бөлінгенін растады. Алайда 2025 жылғы квота саны неліктен шегерілгені туралы нақты ақпарат ұсынған жоқ.

«Квота саны пациенттерді іріктеу жөніндегі өңірлік комиссия қалыптастыратын күту парағына сәйкес жүзеге асырылады», — делінген министрлік жауабында.

Былтыр бөлінген 7000 квотаның 238-і Батыс Қазақстан облысына тиесілі.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында 2021-2024 жылдар аралығында 28 мың пациент ЭКҰ процедурасынан өткен бұның нәтижесінде 9 мыңнан астам бала дүниеге келген.

фото: freepik.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
"Аңсаған сәби" бағдарламасы 2025 денсаулық сақтау министрлігі МӘМС Репродуктивті денсаулық Экстракорпоральді ұрықтандыру
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.