Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр?
Дария Ғұмар Шолу 11/09/2025

Қазақстанда ұялы байланыс тарифтері неге қымбаттап жатыр?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жыл басынан бері Қазақстандағы кей ұялы байланыс операторлары тарифтердің бағасын бірден бірнеше рет өсірді. Аталмыш жағдай халық арасында наразылық тудырып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Sarapshy.info осы мәселеге назар аударды.

Қоғам белсендісі Айсұлтан Жақыпов абоненттік тариф бағасы өскенін айтып, дабыл қақты.

«Отбасымызда 5 адам бар. Бәріміз 1 жылдай уақыт Beeline-ның «Premium Отбасы» тарифін қолданамыз. Басында 11 990 теңге төлеп жүрдік. Жақында тариф бағасы 19 990 теңгеге дейін көтеріледі деген SMS келді. Бұл біздің отбасы үшін тиімсіз. Beeline өзге де тарифтерді ұсынып отыр, алайда олай болса отбасымыздың бір адамының интернетіне бөлек төлеу керек болады. Beeline өзіне хабарласып көрдім, олар үш ай бойы 14 мың теңге төлейтіндей жеңілдік жасап берді.

Жолда көп жүргендіктен, барлық ауыл-аймақта қолданысқа ие Beeline-ды қолданамын. Өзге операторларға да осы себептен ауыса алмаймын.

Бұндай қымбатшылық жалғаса берсе, басқа ұялы байланыс операторына жүгінуге тура келеді. Бірақ ол үшін де қалаға барып, түгел отбасымның нөмірін өзгертуге тура келеді», — деді ол Sarapshy.info тілшісіне.

2025 жылы елімізде 26,3 миллион ұялы байланыс қолданушысы тіркелген.

Қазақстанда оларға қызмет көрсететін бірнеше оператор бар. Атап айтқанда, Kcell, оның еншілесбренді Activ, сондай-ақ Beeline және Tele2/Altelбірлестігі. Бұдан бөлек, нарықта IZI, ForteMobileжәне JusanMobile секілді виртуалды операторлар да жұмыс істейді.

Баға динамикасы

2025 жылы Қазақстандағы негізгі ұялы байланыс операторлары тарифтік жоспарлардың бағасын кезең-кезеңімен өсіре бастады.

Beeline 2025 жылдың ақпанынан бастап абоненттік төлемдерін қымбаттататынын хабарлады. Бұл жаңалық Антимонополия агенттігінің назарын аударып, компанияның 2024 жылғы тарифтер динамикасын тексеруіне себеп болды. 21 шілдеден бастап Beeline бірқатар архивтік және қолданыстағы тарифтердің төлемін мың теңгеге арттырды. Оның ішінде «Супер 3990», «Супер 4990», «Супер 5990», «Бәрі 1390 архив», «Бәрі 3990 архив», «Бәрі 4290 архивтік», «Бәрі 4990 архив», «Бәрі 5990 архивтік», «Бәрі 6990 архивтік» және «АНЛИМ FHD 6990 архив» тарифтері бар.

Tele2/Altel 28 наурыз аралығында «Сенің ережелерің» абоненттік тарифін 2 990 теңгеден 3 990 теңгеге, 3 890-нан 4 890 теңгеге, 4 590-нан 5 590 теңгеге және 5 590-нан 6 390 теңгеге қымбаттады. 2 маусымнан бастап «Студент», «Барлығына қоңырау шал» және «Интернет драйв» тарифтерінің төлемдері мен ресурстары қайта қаралды. Ал 23 маусымда Tele2 «Promo», «Unlim», «Выгодный 2» және тағы басқа бірнеше тарифтердің құнын өсіргенін мәлімдеді.

Kcell/Activ де бағаларын көтеру туралы шешім қабылдады. 21 сәуірден бастап компания 18 тарифтің құнын өсіретінін жариялады. Тарифтер бағасы 6%-дан 25%-ға дейін өсіп, орта есеппен 400 теңгені құрады.

Мәселен, мұрағаттық «Алға-1» тарифі 2 990 теңгеден 3 690 теңгеге көтерілді, яғни 23,4%-ға артты. Activ-тің басқа мұрағаттық жоспарлары да 300–700 теңге аралығында қымбаттады. Дегенмен, 3 сәуірде Kcell Activ-тің ең танымал 10 тарифінің (Reactiv, TOP, Real unlimited, Prestige және т.б.) құнын көтеруден бас тартқанын мәлімдеді.

«Капиталдық шығындарымыз 85 миллиард теңгеден асты»

Редакциямызға жолдаған жауабында Beeline өкілдері тарифтердің қымбаттауына қатысты өз ұстанымын түсіндірді:

«Әлем бойынша Beeline-ның 11,6 миллионнан астам абоненті бар. Олардың ішінде ең белсенді қолданушылардың бірі – қазақстандықтар: біздің абоненттер айына орта есеппен 25-30 Гб интернет тұтынады. Бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден (18 Гб) айтарлықтай жоғары.

Соған сәйкес желідегі жүктеме де өсіп отыр. Сондықтан компания қамту аймағын кеңейтіп, базалық станциялардың санын арттыруға және оларды жаңғыртуға инвестиция салады. Өткен жылы ғана капиталдық шығындарымыз 85 миллиард теңгеден асты».

Бір ғана базалық станция 15-20 пәтерге тең электр қуатын тұтынады. Егер тарифтер өзгермесе, инвестиция азаяды, демек желінің жүктемеге төтеп бере алмау қаупі ұлғаяды» – деп хабарлады Beeline баспасөз қызметі.

Tele2 мен Altel иммунитеті

Қазақстан Президентінің Катарға ресми сапарынан кейін 2025 жылы елімізде ұялы байланыс саласына қатысты ірі келісім жасалды. Енді «Қазақтелекомға» қарасты «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС катарлық Power International Holding компаниясының құрамына кіреді. «Мобайл Телеком-Сервиске» Tele2 және Altel брендтері тиесілі.

«Самұрық-Қазына» қоры, қазақстандық телекоммуникациялық компания және катарлық холдинг тарапынан үшжақты келісімге қол қойылып, «МТ-С» компаниясының 100% үлесін шетелдік инвестор сатып алды.

Қазіргі уақытта еліміздің мемлекеттік органдары «Мобайл Телеком-Сервис» қызметіне араласа алмайды. Яғни антимонополиялық тексеріс жүргізу немесе тарифтердің заңсыз қымбаттауына қатысты күмән туындаса да, қос операторды тергеуге рұқсат жоқ.

Министрлік тарифтерді реттеуге қауқарсыз

2025 жылдың 5 тамызында үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дмитрий Мун байланыс қызметтерінің қымбаттауына қатысты түсініктеме берді.

Оның айтуынша, министрлік ұялы байланыс операторларының тарифтерін тікелей реттей алмайды.

«Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс операторларына ескертулер жіберді. Агенттік олардан өз тарифтерінің құрамын ашып көрсетуін сұрап отыр. Енді қоғамдық тыңдаулар өткізіліп, тиісті рәсімдер орындалуы тиіс. Ал біздің ведомствода қазір тарифтердің өсуін шектейтін құзырет жоқ«, – деді вице-министр.

фото: ЖИ-генератор

Activ Beeline операторлары Tele2/Altel Абоненттік тариф Баға өсімі Басты ақпарат Интернет желісі ҚР Цифрлық даму инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Тариф бағасы Ұялы байланыс
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.