Соңғы бір жылда Қазақстанда автокөлік саны 4,2%-ға артқан. Көлік санынан көш басында 626 мың машина тіркелген Алматы қаласы, 550 мың көлік жүретін Алматы облысы және 407 мың көлікпен Астана қаласы тұр.
Автопарктің жас құрылымына келсек, елде 20 жылдан асқан көліктер үлесі 41,8%-ды құрайды. Ең «ескі» көліктер Түркістан (86,2%), Жамбыл (82%) және Алматы облыстарында (77,4%) тіркелген.
Отын түрі бойынша 87,9% машина бензинмен жүрсе, 7,6%-ы газбен және бензинмен аралас жұмыс істейді. Елдегі электр көліктерінің үлесі – 0,3%. Электромобильдер негізінен Алматы қаласы, Астана және Алматы облысында шоғырланған. Естеріңізге сала кетейік, елде электр көліктеріне арналған квота таусылуға жақын.
фото: pixabay.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

