Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді талап ететін петиция жарияланды
Дария Ғұмар Қаржы 22/08/2025

Қазақстанда ең төменгі жалақыны көтеруді талап ететін петиция жарияланды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елімізде ең аз жалақы мөлшерін 200 мың теңгеге дейін арттыру туралы петиция пайда болды. Бұл туралы бастаманың авторы Диас Абайұлы gosrating.com сайтында хабарлады.

Автордың айтуынша, көршілес Түркіменстанда ең төменгі жалақы шамамен 200 мың теңгеге тең, Балтық елдерінде 500 мыңнан 600 мың теңгеге жетеді, ал Эквадорда 270 мың теңге шамасында.

2025 жылы елімізде ең төменгі жалақы мөлшерлемесі 85000 теңге болып бекітілді. Бұл көрсеткіш 2024 жылдан бері өзгеріссіз қалды. Қаржы министрі Мәди Тәкиевтің сөзіне сүйенсек, елімізде ең аз жалақы деңгейі 90 мың теңге болуы керек.

«Елдегі жағдайды ескере отырып, жалақыны қазіргі қалпында қалдыруды жөн көрдік», – деді министр үкіметтің баспасөз отырысында.

«Іс жүзінде 85 000 теңге отбасын асырауға, азық-түлік пен негізгі қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жетпейді. Әсіресе Алматы, Астана сияқты ірі қалаларда. Тіпті Тараз сияқты облыс орталықтарында да бұл сома аздық етеді», – дейді Диас Абайұлы.

Қазір петиция 1629 дауыс жинап отыр, ал 11 адам жалақы мөлшерінің көтерілуіне қарсылық білдірген.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың алғашқы үш айында елімізде орташа номиналды жалақы 423,1 мың теңгені құрады. Ең жоғары жалақы Атырау (634,2 мың теңге), Маңғыстау (621,3 мың теңге) және Ұлытау (599 мың теңге) облыстарында тіркелді. Ал БҚО-да жалақы индексі 5,2%-ға төмендеп, өңір жалақы өсімі өте төмен аймақтардың көшін бастады.

фото: gov.kz

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Диас Абайұлы Екінші ақпарат ең төменгі жалақы ең төменгі жалақы 2022 Ең төменгі күнкөріс деңгейі: Жалақы көлемі Қазақстан қаржы министрлігі Мәди Тәкиев Орташа жалақы Петиция Төмен жалақы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
жаңалық

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

24/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.