Оралда 18 жастағы жігіт өз төлем картасын қылмыстық топ мүшелеріне беріп, есірткі саудасына қатысты қаржылық операциялар үшін пайдалануға рұқсат еткен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.
Қазір елде дропперлікке қатысты 10 іс қаралып жатыр. БҚО полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік комитетінің бастығы Олжас Ибрайымовтың айтуынша, өңірде 3 айда банк карталарын қылмыстық мақсатта қолдануға байланысты 3 іс қозғалған.
Қылмыстық топ екі ай бойы жас жігіттің картасын есірткі сатумен байланысты ақша айналымына қолданған. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады.
Оқыңыз:
Көршілес Атырау облысында да 21 жастағы қыз өз шотына 400-ден астам ақша аударымын жасауға келісім берген, бұл қаражат есірткі саудасынан түскені анықталды.
Биыл 16 қыркүйектен бастап банк шотын қылмыстық мақсатта пайдалануға рұқсат ету, яғни дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді. Бұл өзгеріс Қылмыстық кодекстің 232-1-бабына енгізіліп, өз картасын пайдалануға берген адамдар да жазаланатын болды.
фото: freepik.com

