Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сейсенбі, 3 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсерін зерттеуге 100 млн теңге бөлінбек
Наргиза Ерес sarapshy.info 20/11/2024

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адам денсаулығына әсерін зерттеуге 100 млн теңге бөлінбек

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда жаңа уақыт белдеуінің адам ағзасына тигізетін әсерін зерттеу үшін 100 млн теңге қаражат бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, бастапқыда Денсаулық сақтау министрлігі зерттеуге 160 млн теңге сұраған. Алайда 100 млн теңге көлемінде қаражат бөлінуі мүмкін. Зерттеуді жүзеге асыру үшін алдағы уақытта арнайы конкурс жарияланады.

Зерттеу жұмыстарына елдегі жетекші ғылыми мекемелер, атап айтқанда, Физиология және География институттары қатысады.

Қаражаттың орнықты жұмсалуына Денсаулық сақтау министрлігінің өзі кепіл болатынын атап өтті.

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу туралы шешім қабылданғаннан кейін кейбір өңір тұрғындары сағаттың ауысқанына наразы болды. Әсіресе, Шығыс Қазақстан, Солтүстік, Ақмола, Алматы облыстарында күннің ерте батқанына және таңның ерте атқанына шағымданғандар көбейді.

Бұған дейін тұрғындар бірнеше мәрте петиция жариялады. Бірақ қарсы шыққандардың уәжін ведмстволар қабылдаған жоқ. 19 қарашада Үкімет басшысы Олжас Бектенов Сыртқы және интеграция министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырды.

2024 жылдың 1 наурызында сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағы бірыңғай уақыт белдеуіне көшті. Қазіргі уақытта барлық аймақ 5-ші уақыт белдеуіне (UTC+5) жатады.

Сурет: Pixabay

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Петиция сарапшы инфо Саясат Нұрбек Уақыт белдеуі Физиология және География институттары
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.