Ел аумағында 98 тоннаға дейін алтын өндіруге мүмкіндік беретін бес жаңа кен орны анықталды. Бұл туралы өнеркәсіп вице-министрі Иран Шархан хабарлады.
Вице-министрдің айтуынша, геологиялық барлау жұмысының нәтижесінде Көкжон, Алтын-Шоко, Самомбет, Студенческий және Тақыр-Қалжыр кен орындары анықталды.
Зерттеу қорытындылары бойынша елде алтын қоры 98 тоннаға, мыс қоры 36 мың тоннаға, маргенец 11 миллион тоннаға және фосфориттер 1,3 миллион тоннаға артты.
Айта кетейік, 2025 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пунктері жалпы салмағы 438,4 келі болатын 8 302 алтын құйма сатты.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

