«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ (ЕРДО) мәліметіне сәйкес, 2030 жылға қарай Қазақстандағы қала халқының саны 13%-ға артып, 14 миллионға жетеді. 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 57%-ға өсіп, 19,3 миллион адам болады. Болжамдар елдің урбанизация деңгейінің тұрақты өсіп келе жатқанын және мегаполистердің маңыздылығы арта түсетінін көрсетеді.
Еліміздің Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ең көп адам жиналған. Астанада 2030 жылға қарай халық саны 39%-ға артып, 1,9 млн адамға, Алматыда 21%-ға өсіп, 2,66 млн адамға, Шымкентте 17%-дық өсіммен 1,42 млн адамға жетеді.
2030 жылға қарай үш мегаполистің тұрғындары қала халқының 43%-ын, ал 2050 жылға қарай 51%-ына тең болады деген болжам бар.
Өңірлер бойынша 2030 жылға қарай Маңғыстау (79,2 мың), Ақтөбе (70,3 мың) мен Түркістан облысында (62,4 мың) қала тұрғындарының саны артады.
Ал еліміздің Шығыс, Солтүстік бөлігінде және Павлодар облыстарында шаһарларда тұратындардың саны азаюы мүмкін.
Ауыл халқының баяу өсуі
Ауыл халқының саны 2030 жылға қарай 1%-ға артып, 7,7 млн адамға, ал 2050 жылға қарай 9%-ға өсіп, 8,2 млн адамға жетеді. Әсіресе Қазақстанның оңтүстік және батыс өңірлерінде өсім болады деп күтеді.
- Алматы облысы: 658 мың адамға артып, 1,93 млн адамға жетеді (52% өсім).
- Түркістан облысы: 495,2 мың адамға артып, 2,1 млн адамды құрайды.
- Маңғыстау облысы: 284,7 мың адамға артып, 709 мың адамға жетеді.
Ал керісінше елдің Солтүстік өңірінде ауыл халқының азайғаны байқалады. Қостанай облысында 163,6 мың адамға азайып, 151,7 мың адам болса Абай облысында 149,6 мың адамға азайып, 87,6 мың адам, Солтүстік Қазақстан облысында 141,6 мың адамға азайып, 131,3 мың адамға дейін төмендейді.
ЕРДО жасаған демографиялық болжамдар елдегі урбанизацияның өсіп келе жатқанын және солтүстік өңірлердегі халық санының азаю қаупін көрсетеді. Бұл болжамдар Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды аспектілерін жоспарлау үшін маңыздыболмақ.
Сурет: Pexels.com