Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы 238 мыңнан астам қыз екпе алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Вакцинацияның бірінші кезеңі аясында 11-13 жас аралығындағы 149 мыңнан астам қыз бала алғашқы дозасын алды, 90 мыңға жуық жасөспірімге екінші доза егілді.
Денсаулық сақтау министрлігі АПВ-ға қарсы екпенің қауіпсіз екенін, ешқандай жағымсыз реакциялар тіркелмегенін мәлімдеді. Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған.
Қазір әлемнің 135 елі адам папиллома вирусына қарсы вакцина енгізген. Олардың ішінде көрші Өзбекстан, Қырғызстан мен Түркіменстан бар. 117 ел АПВ-ның алдын алатын вакцинаны ұлттық егу күнтізбесіне қосқан.
Министрлік 11 жастағы ұлдарды да вакцинациямен қамтуды жоспарлап отыр.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігінің бастамасымен мерзімді әскери қызметшілерге менингитқа қарсы вакцина салу көзделіп отыр.
фото: pexels.com

