Биыл елде 20 тоннаға жуық есірткі, соның ішінде 13 тонна кокаин табылған. Сонымен қатар ел аумағындағы 16 есірткі зертханасы мен 44 есірткі арнасы жойылған. Бұл ақпарат президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевтың кездесуінде мәлім болды.
Сонымен қатар 2025 жылы ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп, 17 ұйымдасқан қылмыстық топты тоқтатып, олардың құрамындағы 244 адамға кісен таққан.
Сағымбаевтың айтуынша, биыл қылмыскерлерді тінту барысында 453 қару, 64 граната және 6 мың оқ-дәрі тәркіленген.
Айта кетейік, 2025 жылдың 30 маусымында «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды. Ведомство бүгінге дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты 91 істі әшкереледі.
Кездесуден кейін ҰҚК төрағасының орынбасары Қанатай Далматов қызметінен босатылып, орнына Марат Ирменов тағайындалды.
фото: freepik.com

