Қазақстанда 100-ге жуық жалған ақша таралғаны анықталды.
Ұлттық банк дерегі бойынша жыл басынан бері, алты ай ішінде 93 банкнот, 3 мәнет қолдан жасалынған. Олардың жалпы құны — 465 150 теңге.
«Көбіне 5 000 теңгелік номинал қолдан жасалған. 85 дана банкнота жалпы тәркіленген ақшалардың 88,5%-ын құрады. Одан кейін 5 дана (5,2%) – 2 000 теңгелік номиналға, 3 дана (3,1%) – номиналы 10 000 теңгелік банкноталарға, қалған 3,2% – монеталарға тиесілі», — деп хабарлады ҰБ баспасөз қызметі.
Жалған Түпнұсқа

Ұттық банк ақша жасау технологиясының құпиясы ерекше екенін айтты. Сондықтан жіті қараған адам жалған банкнотты тани алады. Алаяқтар түрлі түсті принтерді пайдаланады. Шағын мәтіндері анық көрінбейді. Қорғаныш жібі жарықта тұтас сызық болып көрінбейді және түсін өзгерте алмайды.
Қазақстанда жалған ақша жасағандарға ҚР Қылмыстық кодексінің іс қозғалады. Сотталуышының мүлкін тәркілеу, бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.
фото: pixabay

