Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасына байланысты бірнеше адам сотталды
Наргиза Ерес жаңалық 25/02/2025

«Қазақстан» шахтасындағы өрт оқиғасына байланысты бірнеше адам сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды облысындағы Шахтинск қалалық соты «Қазақстан» шахтасында болған өртке қатысы бар бірнеше лауазымды қызметкерге қатысты үкім шығарды. Бұл жөнінде қалалық соттың баспасөз қызметі ақпарат таратты.

2023 жылдың 17 тамызында Қарағанды облысындағы «Қазақстан» шахтасында шыққан өрттен бес кенші қаза тауып, 17 адам жарақат алды.

 Кімдер жауапқа тартылды?

Сот алдында директордың өндірістік қызметті өндіру жөніндегі орынбасарының м.а., конвейерлік көлік учаскесінің бастығы және басқа да қызметкерлер жауап берді. ҚР Қылмыстық кодексі 277-бабы 3-бөлігіне сәйкес оларға тау-кен немесе құрылыс жұмыстарының қауіпсіздік ережелерін бұзды деген айып тағылды.

Сот тергеу барысында «Қазақстан» шахтасындағы көмір конвейерінің еңісінде қауіпсіздік талаптары сақталмағанын анықтаған.

«Көмір конвейерінің еңісіне қажетті техникалық төлқұжат болмаған. Металл бекітпелер бұзылып, айқын деформациялар болғанына қарамастан, жұмыс жалғасқан. Орташа тұтанғыштық қасиеті бар конвейер таспасы пайдаланылған. Ұзақ уақыт бойы құрылғыларды тазалау, ескірген роликтерді ауыстыру жұмыстары жүргізілмеген», — делінген хабарламада.

Сот үкімімен барлық айыпталушыға төрт жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар тау-кен және құрылыс салаларында 3 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Жазаларын қауіпсіздігі төмен қылмыстық-атқару жүйесінде өтейді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

2025 жылдың 17 ақпанында Ұлытау облысындағы «Жомарт» кенішінде тау-кен массасының опырылуы салдарынан жеті жұмысшы үйінді астында қалып, барлығы қаза тапты.

2024 жылы Қазақстанда шахтадағы апат бірнеше рет орын алды.  Былтыр 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданындағы KAZ Minerals компаниясына қарасты «Ертіс» шахтасында газдан улану салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның қызметкерлері болған. Сол түні, 1 қыркүйекке қараған кезде, дәл осы компанияның «Артемьев» шахтасында тас құлауы нәтижесінде мердігер ұйымның бір үңгушісі қайтыс болды.

 

 Сурет: istockphoto.com

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Қазақстан» шахтасы бас бостандығынан айыру жазасы Қарағанды облысы ҚР Қылмыстық кодексі шахта шахтада өрт болды Шахтинск қалалық соты
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.