БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестинадағы қақтығысты реттеу жөнінде декларация қабылдап, оны 142 мемлекет, соның ішінде Қазақстан да қолдады.
Декларация шілде айында Сауд Арабиясы мен Францияның бастамасымен өткен халықаралық конференция қорытындысы негізінде ұсынылды.
Құжатта Газа секторындағы соғысты тоқтату және Израиль-Палестина қақтығысын әділ, бейбіт әрі ұзақ мерзімді реттеу үшін ұжымдық іс-қимыл жасауға шақыру жазылған. Сондай-ақ декларацияда ХАМАС-тың Газадағы қысымын тоқтату туралыатап өтілді.
ХАМАС — «Ислам қарсыласу қозғалысы», Палестинаны Израиль оккупациясынан азат етудікөздейтін радикалды ислам ұйымы.
Изариль, АҚШ, Аргентина, Венгрия, Микронезия, Науру, Палау, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай және Тонга елдері декларацияға қарсы шықты. Тағы 10 ел дауыс беруден бас тартты.
Израиль Сыртқы істер министрлігі Бас Ассамблея шешімін «шындықтан алшақ саяси цирк» деп атап, бұл декларациямен келіспейтінін жеткізді.
фото: Л.Фелипе/БҰҰ

