Қазақстан мұнай-газ саласында инвесторлармен ынтымақтастықты тек сервистік келісімшарттар негізінде құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы мәжілістің экология және табиғат пайдалану мәселелері комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин хабарлады.
Оның айтуынша, қазір мемлекет пен жер қойнауын пайдаланушылар арасындағы өзара іс-қимыл моделін өзгертуді көздейтін заң жобасы әзірленіп жатыр.
Сервистік келісімшартқа сәйкес, жер қойнауын пайдаланушы компания кен орнын игеру мен өндіру қызметі үшін келісілген сыйақы алады, ал өндірілген мұнай мен газдың меншік құқығы мемлекетке тиесілі болып қала береді. Ал өнімді бөлу туралы келісім (СРП) моделінде инвестор өз шығындарын өтегенге дейін өндірілген өнімнің көп бөлігін өзі иеленеді. Қазіргі уақытта аталмыш модель Қашаған, Қарашығанақ және Дұңға жобаларында қолданылып келеді.
Олег Червинский, сарапшы
фото: freepik.com

