Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр
Дария Ғұмар Қаржы 12/07/2025

Қазақстан крипторезерв құруды жоспарлап отыр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда цифрлық активтерді жинақтауға арналған арнайы крипторезерв – «криптосейф» құру мәселесі талқыланып жатыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді.

Крипторезерв үш негізгі жолмен толтырылуы мүмкін: тәркіленген биткоиндар, мемлекеттің өзі майнинг арқылы өндіретін криптоактивтер және алтын-валюта резервінің бір бөлігі. Егер мемлекеттік құрылымдар майнингпен айналысса, одан түскен салықтар мен міндетті төлемдер осы қорды толықтыра алады.

Сүлейменовтың сөзінше, криптовалюта болашақта Ұлттық қор мен алтын-валюта резервінің балама инвестициялық портфелінің құрамына енуі мүмкін. Ол криптоиндустрияның табысы қаншалықты жоғары болғанымен, тәуекелге бел бууды талап ететін сала екенін атап өтті. Сондықтан бұл шешім асығыстықпен емес, жан-жақты сарапталып қабылдануы тиіс.

Ұлттық банк Норвегия, АҚШ пен Таяу Шығыс елдерінің тәжірибесін зерттеген. Онда криптовалюталарға тікелей инвестициялар, сондай-ақ криптобиржалармен байланысты компаниялар акцияларын немесе ETF құралдарын сатып алу арқылы жасалған қаржылық қатысулар кездеседі.

Ұлттық банк бұл мәселе үкіметпен бірлесіп шешілетінін, жоба басталатын кезде лимиттер мен ережелер анықталатынын хабарлады.

фото: Ұлттық банк сайтынан

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ел экономикасы Криптовалюта ҚР Ұлттық банкі теңге Тимур Сүлейменов экономика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
Қаржы

Ипотеканы зейнетақы жинағы есебінен жабуға рұқсат беріледі

10/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.