Қазақстан тұрғындарын ұялы байланыспен қамтамасыз ететін Beeline компаниясы бір жыл ішінде елде жаңа такси қызметін іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның негізгі иесі – VEON корпорациясы хабарлады.
2025 жылы Қазақстанда такси қызметіне сұраныс күшейді. Қаңтар-ақпан айларында 20,6 млн рет пайдаланылған.
Бұған дейін «Яндекске» бәсекелес отандық сервис қажет екені туралы тұтынушылар бірнеше рет мәселе көтерді. Сол арқылы такси бағасын арзандату керек деп есептейді пікір білдіргендер.
Оқыңыз:
Қазақстанның такси нарығы: бәсекелестік төмен, сұраныс жоғары, бақылау шектеулі
Таяуда Beeline OLX Kazakhstan платформасының үлесінің 100%-ын сатып алды. Мәмілені Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мақұлдауы қажет.
Осылайша, Beeline бір қосымшаның ішінде ұялы байланыс, сауда-саттық және такси қызметтерін байланыстырмақ. Айта кетейік, 2025 жылдың ақпанынан бастап Beeline абоненттік төлемдерінің ақысын 1000 теңгеге қымбаттатты.
Оқыңыз:
фото: freepik.com

