Қазақстан АҚШ-тан не сатып алады?

Соңғы жылдары Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары арасындағы  сауда экспорты мен импорты артуда. Ал АҚШ елімізден не импорттайтынын саралайық.

 2021 жылы Қазақстан Америка Құрама Штаттарына шикі мұнай және мұнай өнімдерін (343,1 млн.), ферроқорытпаларын (142,2 млн.), күкірт (51,7 млн.), турбиналық қозғалтқыштар және газ турбиналарын (47,5 млн.), табиғи және байытылған уран, оның қоспаларын (21,1 млн.), фосфор (18,2 млн.), тантал металлы және оның бұйымдарын (16,3 млн.) экспорттады.

Экспорттың жалпы көлемі $659,7 млн. долларға жетті. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29% пайызға артық.

Сонымен қатар, осы уақыт аралығында АҚШ-тан Қазақстанға импорт 19,2% пайызға ұлғайып, тауарлардың құны 1 млрд. доллардан асты.

Енді АҚШ-тан Қазақстанға келетін заттарға тоқтала кетелік. Олар: ұшақтар және ұшақ құрылғылары (128,9 млн.), турбиналық қозғалтқыштар және газ турбиналары (83,2 млн.), автомобильдер және жолаушылар көлігі (102,2 млн.), құс еті (57,1 млн.), медициналық құрал-жабдықтар (53,7 млн.), дәрі-дәрмек (35,4 млн.), қара металл бұйымдары (34,3 млн.), іштен жанатын қозғалтқыштар (32 млн.), қан фракциялары, вакциналар және басқа иммунологиялық препараттар (26,8 млн.), электр генераторлары (24,9 млн.), шүмектер, клапандар және құбырларға, қазандарға, резервуарларға арналған арматуралар (21,8 млн.), резеңке және одан жасалған бұйымдар (19,3 млн.), пластмасса бұйымдары (17,9 млн.), насостар (14,7 млн.), темір жол локомотивінің, вагондардың және жылжымалы құрамның бөлшектері (14,6 млн.).

Әділғазы Кереев,

sarapshy.info

 

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий