Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Қазақмыс» мүлкін ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды
Наргиза Ерес жаңалық 03/03/2025

«Қазақмыс» мүлкін ұрлаған екі қылмыстық топ ұсталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты кәсіпорындардың бірінде учаске бастығы 16 млн теңгеден астам қаражатқа бағаланған мүлікті жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлықты тергеу қоры-бюросы хабарлады. 

“Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты ЖШС қызметкерлерінен құралған екі топ ұсталды. Олар кәсіпорынның материалдық құндылықтарын жымқырды деген күдікке ілінді”, — деп көрсетілген хабарламада.

Бірінші топта учаске бастығы бар. Тергеу мәліметінше, олар жалпы құны 16 млн теңгеден асатын кәсіпорын мүлкін ұрлаған.

Екінші топта қылмысқа корпорация басқармаларының бірінің басшысы қатысқан. Күдіктілер ұрланған мүлікті құжаттарды қолдан жасау арқылы кәсіпорын аумағынан алып шыққан. Барлық күдіктілер қамауға алынған.

Еске сала кетсек, былтыр қазан айында құқық қорғау органдары «Қазақмыс» корпорациясы аумағынан қымбат металдар қорытпасын ұрлаған топтың әрекетін тоқтатты. Топ құрамында кәсіпорын қызметкерлері болған. Күдіктілер 6,5 млн теңге сомасындағы ұрланған өнімді алып шықпақ болған кезде ұсталды.

Polisia.kz мәліметінше, елдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардан мүлік жымқырудың анықталған жалғыз фактісі емес. Бұған дейін Павлодар облысындағы Алюминий зауытында жұмысшылардың металл ұрлап, жалпы сомасы 30 млн теңге шығын келтірген. 

Сонымен қатар, 2023 жылы «Qarmet» АҚ-да ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері кәсіпорын мүлкін жымқыруға қатысқаны үшін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылған еді.

Сурет: Ашық дереккөздерден

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Polisia.kz ақша жымқырды Алюминий зауыты Екінші ақпарат Қазақмыс мүлікті жымқырды учаске бастығы Ұлытау облысы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.