Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 2 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Қазақмыс» кеншілері жалақыны өсіруді талап етті
Наргиза Ерес sarapshy.info 18/12/2024

«Қазақмыс» кеншілері жалақыны өсіруді талап етті

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылы 17 желтоқсанда «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ құрамына кіретін Оңтүстік Жезқазған мен Жыланды кеніштерінің қызметкерлері ұжымдық талаптарын білдірді.

Ереуілшілер алдымен халықаралық нарықта мыс бағасының өсуі, доллар бағамының көтерілуі, азық-түлік пен коммуналдық қызметтердің қымбаттауына байланысты жалақыны 30%-ға көтеруді сұрады. Одан кейін жалақыны 100%-ға арттыруды, мемлекеттік органдар тарапынан болатын қысымды төмендетуді де талап етті.

Оқиғаның мән-жайы

Facebook желісінде Қайрат Баукен есімді қолданушы оқиға жөнінде былай деп баяндады:

«2024 жылғы 18 желтоқсанда сағат 18:30-дегі жағдай бойынша Ұлытау облысы Сәтбаев қаласында «Қазақмыс» корпорациясының «Жезқазғантүстімет» Оңтүстік Қазақстан филиалына қарасты №65 шахтаның жұмысшылары жұмысын тоқтатты. Бізге мәлім ақпаратқа сәйкес, сағат 15:30-да 2-ауысымдағы жұмысшылардың жоғары көтеріліп, 3-ауысымдағылардың шахтаға түсіп жатқан кезінде басталды, алайда 2-ауысым жұмысшылары жұмыс істеуден бас тартты.

Келіссөздер жүргізу үшін шахтаға Оңтүстік руднигінің басшысы М. Алдабергенов түсті. Шахтада шамамен 254 жұмысшы жиналды (нақтылануда). Сағат 16:50-де шахтаға облыс әкімдігінің және құқық қорғау мен арнайы органдардың өкілдері келді», — делінген.

Қайрат өзінің парақшасында осы кәсіпорында істейтінін көрсеткен.

«Қазақмыс» корпорациясының жұмысшыларға берген жауабы

Кеше, 17 желтоқсанда «Қазақмыс» корпорациясы 2025 жылдың басында жаңа ұжымдық шарт бойынша жұмыскерлердің жалақысы өсетінін және әлеуметтік пакеттер қосатынын айтқан еді.

Бүгін жұмысшылар талабына жауап берген «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның бас директоры қызметкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін, жыл сайын жалақыны өсіріп отырғанын айтты.

«Қазақмыс корпорациясы» 2020 жылдан бастап жыл сайын жалақыны көтеріп келеді. Осы кезеңде жалақының орташа деңгейі 151%-ға – 2020 жылғы 326 196 теңгеден 2025 жылға арналған ағымдағы болжамдарға дейін көтерілді. Жалақының одан әрі күрт өсуі компания шахталарының рентабельділігіне қауіп төндіруі мүмкін», — деді компания хабарламасында.

Корпорацияның мәліметінше, осы уақытқа дейін компанияда ең төменгі жалақы – 363 000 теңге (мысалы, тазалаушы), орташа жалақы – 650 000 теңге, жерасты жұмысшыларының жалақысы – 1 202 000 теңге болғанын мәлімдеді.

 «Қазақмыс корпорациясы» 2025 жылдан бастап индекстеу 2024 жылы Ұлттық статистика бюросы ресми түрде белгілеген инфляция деңгейіне жүргізіледі деді.

 «Жалақыны 8,5%-ға арттырған кезде корпорация бойынша орташа жалақы 822 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 730 431 теңге), ал жерасты жұмысшылары үшін — 1 303 000 теңгеге дейін (2024 жылы — 1 202 000 теңге) өседі», — деді корпорация.

«Қазақмыс» корпорациясының 70% акциясы кәсіпкер, «Қазақмыс» президенті  Владимир Кимге, 30%-ы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огайға тиесілі.

Сурет: Depositphotos

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Қазақмыс» корпорациясы Жыланды кеніштері кеншілер наразылығы Оңтүстік Жезқазған
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.