Қақтығыс алдында Кабулда бірнеше жарылыс болған. «Талибан» үкіметі бұл шабуылдарға Пәкістанды кінәлі деп тауып, Исламабад жеріне әуеден соққы жасады.
11 қазанда Пәкістан әскері Ауғанстандағы Читрал мен Белуджистан маңындағы бірнеше шекара бекетіне оқ атты. Пәкістан тарапы бұл соққыға жауап ретінде ауыр артиллерия, танктер, дрондар және жойғыш ұшақтарды қолданған.
Пәкістандық БАҚ елдің қауіпсіздік күштері шекарадағы ауған бекеттерін жойғанын және «Талибан» жауынгерлері бақылау пункттерінен қашқанын хабарлады. Сонымен қатар, Исламабад Үндістанмен шекарадағы әскери дайындық деңгейін көтерген.
Иран сыртқы істер министрі Аббас Арагчи екі елді сабырға шақырып, бейбіт шешім іздеуге үндеді. Әзірге екі тараптан да адам шығыны туралы ресми дерек жоқ.
Айта кетейік, Пәкістан — ядролық қаруға ие мемлекет. Елдің арсеналында 60–170 ядролық оқтұмсық бар.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

