Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сенбі, 7 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Атыраудағы қожалық малынан жұқпалы ауру қайтадан анықталды
Баян Жанұзақ sarapshy.info 26/02/2025

Атыраудағы қожалық малынан жұқпалы ауру қайтадан анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Атырау қаласы маңындағы «Қайыршақты» ауылдық округіндегі «Абдулла» шаруа қожалығындағы 15 ірі қарадан қотыр ауруы анықталды. Шаруа қожалығының өкілі Нұрбек Есенқұлов бұл ақпаратты растады.

«Соколок» су арнасының бойында орналасқан қожалықта 105 сиыр бар.

«Қожалықтағы малдан қотыр ауруы былтырғы қазан, қараша айларында анықталды. Қателеспесем, 20-ға жуық сиыр ауырды. Ветеринар мамандарды шақыртып, екпе алдырдық. Ауру сәл бәсеңсігендей болғанымен, сол уақыттан бері толық жойылмай отыр», — дейді Нұрбек Есенқұлов.

Шаруалар аурудың шығу себебін ағысы тоқтаған канал суының әсерінен көреді. Дегенмен ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясы бұл болжамды жоққа шығарып отыр.

Облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Нұржан Үсенбаевтың айтуынша, «Абдулла» шаруа қожалығындағы сиырлардан сынама алынды. Сынама нәтижесі лабораториялық тексерістен кейін анықталады.

«Дегенмен, қотыр қауіпті инфекция болып есептелмейді. Жаппай эпидемия немесе қатерлі инфекция белгілері анықталған жоқ. Қазіргі уақытта ветеринар мамандар емдеу жұмыстарын жүргізуде», — деді маман.

Атырауда бұған дейін мал арасында жаппай қотыр ауруының тіркелгені туралы нақты деректер жоқ.

Дегенмен 2024 жылдың шілде айында облыстың Индер және Құрманғазы аудандарында бруцеллез ауруы тіркелген болатын. Бұл ауру 450 бас малдан анықталған еді. Оның ішінде 167 сиыр, 278 қой және 5 түйе бар. Ауру жануарлар арнайы ет өңдеу цехтарына жіберіліп, иелеріне өтемақы төленді.

 

 

Сурет: Pixabay.com

Автор

  • Баян Жанұзақ

    Атырау облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары Kazislam.kz республикалық діни сайтында, республикалық «Алтын орда», «Жас қазақ», аймақтық «Дүрбі» газеттерінің тілшісі болып еңбек етті. 2025 жылдан бастап sarapshy.info сайтының тілшісі.

    Барлығын қарау
"Абдулла" шаруа қожалығы "Соколок" қожалығы бруцеллез қотыр ауруы малдан ауру анықталды шаруа қожалығы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025
sarapshy.info

Түркиядағы тергеу: 106 күдіктіге қатысты қамауға алу ордері шығарылды

19/03/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.