Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 2 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Өте өзекті»Атырауда шипалы Тұздыкөл мүлдем құрып кетуі мүмкін…
Баян Жанұзақ Өте өзекті 14/02/2025

Атырауда шипалы Тұздыкөл мүлдем құрып кетуі мүмкін…

Тұздыкөл
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Біреу білер, біреу білмес, Атырау облысының Индер ауданында Тұздыкөл деген керемет жер бар. Табиғаттың аямай берген сыйы – Тұздыкөл керемет емдік қасиетке ие, ауруынан айыға алмай жүргендер бір Атыраудың ішінен ғана емес, тұтас Қазақстан, тіпті, әлемнің кей елдерінен келіп, дертіне шипа тауып жатады.

Үкімет осы керемет жерді туристік орын немесе демалыс аймағы ретінде дамытуды қарастырып отырған жоқ. Ол былай тұрсын, атағы жер жарып тұрған Тұздыкөл көп ұзамай біржола құрып кетуі мүмкін. Өйткені Атыраудың кереметі саналатын Тұздыкөлді «Аралтұз» компаниясы құрғатып, тұз өндіруге үкіметтен рұқсат алған.

Осыған байланысты Атырау облысының әкімдігіне  жағдайға түсінік беруін сұрап, хабарластық. Облыс әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев толыққанды жауапты жергілікті кәсіпкерлік басқармасы дайындап жатқанын айтты. Ол жауаптың нақты қашан және қай күні қолға тиетіні белгісіз. Дегенмен Руслан Жұмағазиев «Дала дәрігері» атанған Тұздыкөлдің ерекше қорғау аймағына алынғанын атап өтті.

«Тұздыкөлдің тұзын өндіруге болатын-болмайтынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізу жөнінде Атырау облысының әкімдігі үкіметке ұсыныс жолдады. Алайда Экология министрлігі бұл мәселені басы ашық күйінде қалдырып отыр», — деді Руслан Жұмағазиев.

Нақты «Аралтұз» Тұздыкөлге қашан келеді? Өндіріс қашан басталады? Әзірге бұл сұрақтар басы ашық күйінде қалып отыр.

Дегенмен оқырманға түсініктірек болуы үшін Тұздыкөл туралы ақпарат бере кеткенді жөн санап отырмыз.

Тұздыкөл – Атырау облысы Индер ауданының орталығы Индербор кентінің шығыс жағында, 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазірдің өзінде ғалымдар Тұздыкөлден 16 түрлі қазба байлықтың барын анықтап отыр. Нақтыласақ, табиғат дәрігері атанған Тұздыкөлде бром, бор, магний, лития, рубидия, калий йод, ас тұзы бар. Индердегі Тұздыкөл 2006 жылы бірегей табиғи су объектісі ретінде мемлекеттік табиғи қорық объектілерінің және ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени маңызы бар қоршаған ортаны қорғау объектілерінің тізбесіне енгізілген.

Медицина саласының ардагері Ғазиз Есқали Тұздыкөлді алып шипажайға айналдыратын болсақ, бұл қадам Қазақстанның ішкі туризміне оң әсер ететінін айтады.

«Индердегі Тұздыкөлдің жағасында ағып жатқан минералды бұлақтардың емдік қасиеті ескі заманнан-ақ белгілі болған. Оған дәлел – бұлақтардың басынан әлі күнге табылатын әр заманның, әр елдің теңгелері.

Көлдің айналасында бұлақтар кездеседі. Соның он екісін қазақтар «әулие» санайды. Бұлақтар жыл бойы ерімейтін мұз жататын үңгірлерден бастау алады. Бір ғажабы, бұлақ суының минералдық иондық құрамы бір-біріне жақын болғанмен, ішіндегі «Қыз әулие» бұлағы ерекше. Оны көпшіліктің зертханасыз қалай ішкі сезімдерімен анықтағаны таң қаларлық. Оған әлі күнге бала көтере алмай жүрген келіншектер барып түнейді. Адам ағзасы тері арқылы өзінде жетпей тұрған микроэлементтер мен иондарды, минералдарды қажетінше сіңіреді. Тұзды көлдің жағалауындағы қара балшық өте ерте заманда түзілген. Бұл туралы материалдар П.М.Татаринованың 1938 жылы жазылған «Индер бораты» деген кітабында толық айтылады және ол өз оқырманын Юра, Бор кезеңіне жетелейді.

«Қара балшық» минералдармен қатар, гумус, ферменттерге өте бай, олар адам денсаулығына аса пайдалы. Оның құрамы – өсімдіктермен бірге жәндіктер, тіпті құстардың қалдықтарынан түзілген құрамында гормондық заттар бар биологиялық белсенді гумус. Көлге түскен немесе қонған жәндіктер кейін ұша алмай тұздалып, ешбір шіріместен ыдырайды және жел арқылы жағаға келіп, балшыққа айналады. Тізе берсек, Тұзыкөл кереметі туралы көп нәрсені айтуға болады», — дейді ұзақ жыл медицина саласында еңбек еткен Ғазиз Есқали.

Жергілікті тұрғындар жақсы біледі, Индерде көлден басқа 300 метр тереңдікте тұз қабатында орналасқан шахта бар. Оған өкпесі ауыратын адамдар, әсіресе, қолқа демікпесіне шалдыққандар өз бетімен барып емделеді. Бір ғажабы, мамандар осы шахтада бір де бір ауру қоздыратын микробтың  өмір сүре алмайтынын дәлелдеді.

«Біз бактериологиялық зерттеу жүргізгенде, оның ауасының тазалығы ауруханадағы операция блогындағы ауадан да таза болып шықты. Шындығында, шахтаның ауасындағы иондық құрамда бір де бір микроб өмір сүре алмайды. Осы шахтада сексенінші жылдардың басында «Бешефит» деген аса құнды физиотерапевтік дәрі өндірілді. Оны тіпті одақ көлемінен өзге жерлерге – шетелге, Еуропаға шығарды. «Бешефит» –   физиотерапияда кеңінен қолданыста бар дәрілік зат болатын»,- дейді ардагер-дәрігер Ғазиз Есқали.

Ардагер дәрігердің айтуынша, Индерде шипажай салуға мынадай көптеген қолайлы факторлар бар.

 «Минералдар мен микроэлементтерге, иондарға бай Индер көлінің бұлақтарының суы таза, ферменттерге толы. Оның үстіне, қара балшығы да гормондарға бай. Ағзасында микроэлемент пен иондардың тапшылығы бар адамды электролит құймаған аккумулятормен теңестіруге болады. Реаниматор-анестезиолог ретінде айтарым, біз  науқастың бірінші кезекте электролиттерін, иондарын реттейміз, содан соң су, тұз, белоктарын қалпына келтіреміз.

Бром, фтор, йод және басқа көптеген иондарға қаныққан көл бетінің ауасы тап-таза болып келеді. Онымен тыныстаған адамның көңілі бірден орнына түсіп, ұйқысы түзеледі. Бұл ауада бір де бір ауру қоздырғыш микробтың өмір сүре алмай өзінен өзі жойылатынын, тіпті маса мен сона, шыбын-шіркей болмайтынын ескерсек, ол бір – баға жетпес байлық», — дейді дәрігер маман Ғазиз Есқали.

Ауыл тұрғындары да Тұздыкөлді ұлттың саулығы үшін пайдалану керек деп есептейді. Елу жылдан астам уақыттан бері Индер жерінде өмір сүріп келе жатқан жергілікті тұрғын, бүгінде зейнет жасында жүрген Көптілеу Ахметтің айтуынша, Индерде туристер тартатын орындар өте көп.

«Біздің көзіміз үйреніп кетті. Бірақ, Индер көлінің айналасындағы тарихи орындар жеке-жеке тоқталып, таныстыруға сұранып тұр. Айталық, Қаройдағы Махамбет кесенесі де ерекше әсерге бөлейді. Қазақ әдебиетінде ғана емес, ұлт тарихында ерекше із қалдырған Мұрат Мөңкеұлының кесенесінің өзі неге тұрады? Диаштөбе, «Қарасты үңгірлері» өз алдына бөлек тарих. Оның үстіне, Тұздыкөлге барлық инженерлік-коммуникациялық жүйелер жақын орналасқан. Миялы-Индер тас жолы бір шақырымдай жерден өтеді. Атырау-Индер-Орал бағытындағы тас жолы да бар», — дейді ауыл тұрғыны.

Бір кездері Атырау облысы әкімдігі Тұздыкөлді емдеу-сауықтыру орталығына айналдыру туралы мәселені де көтерген еді. Бірақ көтерілген мәселелердің қай-қайсы да сөз күйінде қалып қойып жатыр.

Тағдыры бұлыңғыр Тұздыкөл осылайша, бірде-бір өркениет элементінің араласуынсыз-ақ, шипа іздегендерге көмегін беріп жатыр…

Автор

  • Баян Жанұзақ

    Атырау облысында дүниеге келген. Журналистика саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Әр жылдары Kazislam.kz республикалық діни сайтында, республикалық «Алтын орда», «Жас қазақ», аймақтық «Дүрбі» газеттерінің тілшісі болып еңбек етті. 2025 жылдан бастап sarapshy.info сайтының тілшісі.

    Барлығын қарау
Атырау облысы табиғи ресурстарды өндіру экология
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-ға құлаған дрондар бойынша әлі тексеру жүріп жатыр

17/04/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
Өте өзекті

Депутат Үкіметтің киік популяциясын реттеу мәселесіне немқұрайлы қарап отырғанын сынады

26/03/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.