Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген жоғары әскери оқу орнының атауын өзгерту ұсынылды. Бұл бастама қоғам талқысына шығарылып, «Ашық НҚА» порталында 18 шілдеге дейін қаралады.
Заң жобасында университеттің атауын Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті деп өзгерту көзделген. Бұл өзгеріс «Білім туралы» заңға сәйкестендіру және қазақ-орыс мәтіндеріндегі айырмашылықтарды реттеу мақсатында енгізілмек.
Айта кетейік, 2023 жылы депутаттар Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заңның күшін жоюын алға тартып, университет атауынан Назарбаевтың есімін алып тастау туралы мәселе алғаш рет көтерді.
Университет 2003 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен қайта құрылып, қарулы күштер мен басқа да арнайы мемлекеттік органдар үшін аға офицер мамандарды даярлаумен айналысады.
фото: orda.kz