Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Астанада жемқорлық символына айналған LRT 2025 жылдың соңында пайдалануға беріледі
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 24/10/2024

Астанада жемқорлық символына айналған LRT 2025 жылдың соңында пайдалануға беріледі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Құрылысы басталғанына бірнеше жыл болған Astana LRT 2025 жылдың соңында пайдалануға берілмек. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев айтты.

Бүгін Премьер-министр Олжас Бектенов Елордада жеңіл рельсті көлік (LRT) желісін салу жөніндегі жобаның барысын тексерді.

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, қазір LRT эстакадасының арқалықтарын төсеу кезеңі аяқталды. Cтансалардың негізгі темірбетон конструкциялары құрылысын 2024 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Келесі жылы рельстерді төсеу, стансаларды әрлеу және жылжымалы құрамдарды жеткізетін депо құрылысын жүргізу, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесі бойындағы эстакадалық бөлікті абаттандыру жүргізілмек.

Жеңіл рельсті желінің жалпы ұзындығы 22,4 км құрайды. LRT құрамына 18 станса кіреді. 652 адам сыятын 19 жылжымалы құрамды іске қосу жоспарланған. Қозғалыс аралығы 4-5 минутты құрайды.

Бастапқы кезеңде тәулігіне 25 мың адам жолаушы ағыны күтіледі. Бұл ретте жолаушылар ағыны ең жоғары уақытта тәулігіне 92 мың адамға жетуі мүмкін.

Төлем жүйесі қалалық аналог бойынша, көлік картасын валидациялау немесе QR-кодпен төлеу арқылы қарастырылған.

Жобаны іске асыруға China Construction Sixth Bureau, Yunnan Construction and Investment Holding Group Co., Longjian Road and Bridge Co., Tianjin Rail Transit Group Co., CRRC Tangshan Co LTD. сияқты жоғары стандарттарды сақтауымен танымал қытайлық жетекші компаниялар тартылған.

Сондай-ақ CRSCInternational, CASCO, HUAWEI Smart Transport BU компаниялары көлік жүйесінің қауіпсіз әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуде шешуші рөл атқаратын байланыс, дабыл және автоматтандыру жүйелерін реттеуге қатысады.

China Railway Asia-EuropeConstruction Investment қосалқы мердігер компаниясының бас директоры Чжоу Хайвэй инновациялық технологиялар қолданылып жатқанын баяндады. Жоба аяқталғаннан кейін жеңіл рельсті желі бойымен жүргізушісіз пойыздар іске қосылады.

Белгілі болғаны, барлық құрылыс жұмысын аяқтау және LRT-ны іске қосу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған.

«LRT жобасы бойынша инфрақұрылымды дайындау бойынша біраз жұмыс жүргізілді, қаражат бөлінді. LRT қала тұрғындарына, елорда қонақтарына қызмет етеді. Құрылыс жұмысының қарқыны артып келеді, оны бәсеңдетпеу маңызды. Жоба ең жоғары деңгейде жүзеге асырылуы керек. Әкімдік пен орталық мемлекеттік органдар тарапынан бақылау күшейтілуі тиіс. Нәтижеге жұмыс істейтін боламыз», — деді Премьер-министр Олжас Бектенов.

Айтып өтелік, қазір Астана қаласында біраз жылдан бері құрылысы жүріп жатқан LRT – «жемқорлық ескерткіші» деп аталып кеткен.

2020 жылы құрылыс кезінде болған ұрлықтарға қатысты тергеу басталды. Кейін сот процесі жүргізілді. 2021 жылы Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбековке іздеу жарияланды.

Сонымен қатар сол жылы жеті айыпталушы жетіден он жылға дейін бас бостандығынан айырылып, оларға 5,8 миллиард теңге көлемінде шығынды өтеу міндеттелді.

Биыл шілде айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Талғат Арданды БАҚ арқылы жауап алуға шақырған еді. Бірақ күдікті жауап беруге уақытында келмеген.

Антикор «Astana LRT» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Ардан мен «Астана Банк» АҚ-ның бұрынғы негізгі акционері Олжас Тоқтаровқа қатысты қылмыстық істерді сотқа жіберді. Сондай-ақ Антикор өкілі тиісті шешім қабылданатынын айтты.

Суреттер: Үкіметтің баспасөз қызметінен

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Astana LRT» ЖШС 2024 Антикор Асылбек Дүйсебаев Елорда Жеңіс Қасымбек Премьер-министр Олжас Бектенов Талғат Ардан
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.