Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Арнайы жобалар»Журналистік зерттеу»«Арыз жазған – Баетовтың өзі» – Оралдағы саяжайдың экс-төрағасы мән-жайды түсіндірді
Нұртай Текебаев Журналистік зерттеу 19/08/2025

«Арыз жазған – Баетовтың өзі» – Оралдағы саяжайдың экс-төрағасы мән-жайды түсіндірді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оралдағы «Құс фабрикасы» саяжайы төрағаларының арасындағы дау әлі толастар емес.

Бау-бақша бірлестігінің қазіргі төрағасы Асхат Баетовтың айтқанын экс-төраға Асылбек Қабесов жоққа шығарды. Өзінің айтуынша, он жылдан астам уақыт бойы осы «Зашаған» бау-бақша бірлестігін («Құс фабрикасы») басқарған.

«Баетовтың өзі тұрғындарға бір жыл бойы төлемеңіз деп төлеттірмей келген. Әуел бастан қасындағылармен төраға болуды жоспарлаған. Содан біз қымбат төлеп жатырмыз, тарифіміз көп екен, осының бәрін ойластырған қазіргі төраға екен деген әңгіме таратқан», – деді Қабесов.

Аталған аумақта 2260 түтін болса, соның тең жартысына жуығы осы әңгімеге иланған. Содан бір жыл бойы электр төлеміне қарыз қордаланған.

«Менің үстімнен арыз жазған – Баетовтың өзі. Кез келген кісі бекерге шағымданбайды ғой. Арызқой болып отырған – сол. «Мен жазғасын қылмыстық іс қозғалды» деп неге айтпайды? Бүкіл қарызды менің мойныма іліп, құтылып кетем деп ойлайтын шығар», – деді экс-төраға.

Оның айтуынша, жаңа төраға келгесін тариф арзандайды деп үміттенген адамдар ұзын-сонар кезекке тұрып, кассаға ақшасын төлеген. Кейбірі 100 мың, кейбірі 300 мың теңге төлеген. Қабесов тағы бір деректі айтты. Ол Баетов айтқандай, 72 млн теңге емес, өзінің басқарған кезінде электр қуатына қарыз көлемі 51 млн теңгеге жетті деп есептейді.

«Халықтан жинап алған ақша қайда? Баетов айтады ғой, жетпіс екі миллион деп, түзетіп жіберейін, мен кеткенде елу бір миллион болды. Тұрғындарың көбі төлемей келген ақшасын алып келіп, олардың қолдарына табыстады… Ол қарызға қалай тағы 50 млн теңге қосылып кетеді? Бұрынғы және қазіргі бережақ қаражатты ұстап отыр», – деді бірлестіктің бұрынғы басшысы.

Ол Баетовтың электр тарифі төленбегенін бұрыннан біліп келгенін айтты. Асылбек өзінің кезінде кассаға төленген ақшаны сол кездегі «Батысэнергоресурс» ЖШС-ның шотына күнара аударып отырғанын алға тартты.

Оқырманға ескерте кетейік, «Батысэнергоресурс» тарап кетті, қазіргі уақытта оның орнына «Батыс АЭЖК» ЖШС төлемді қабылдайды.

«Ақшаны бұлай ұстап отыруға болмайды. Оларда инкассация жоқ. Қолға түскен қаражатты алып барып, компанияға төлеу керек. Баетов айтып отырған 72 млн теңге мен одан бөлек менің кезімде қалған 51 млн теңгенің айырмасы қайда екенін түсіндіре кетейін. Біздің серіктестікте жалпы тоқ көлемін есептейтін құрылғы бар. Әрбір айдың басында есеп айырысамыз. Ол кісі қаңтар айының соңында жұмысына кірісті. Енді ақпан айының басында қаңтардағы жалпы төлемді өтеуі керек еді», – деді Қабесов.

Бұған дейін тұрғындар Баетов еңбекақысын 450 мың теңгеге дейін өсіргенін, Қабесовтікі 150 мың теңге болғанын айтқан еді. Экс-төраға қаңтар айына дейін дәл осы көлемде жалақы алып келгенін растады. Төраға жалақысын сметаны көрсетіп барып тұрғындардың жалпы жиналысында бекітеді екен.

Саяжайдағы жарық дауына байланысты мемлекеттік аудит жүріп жатыр. БҚО полиция департаменті осыған байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлады.

Қазіргі төраға Асхат Баетов бұрынғы басшы заңсыз жер учаскелерін иеленді деген дерек барын айтқан еді.

«Ол істе мен айыпталушы емеспін, куәгермін. Кез келген сұраққа жауап бере аламын. Саяжай учаскелерін иеленіп алды деген жалған әңгіме. Кез келген нәрсе бойынша заңды құжатым бар. Заңсыз жолмен ештеңе сатқан да жоқпын, ештеңе алған да жоқпын», – деді Асылбек Қабесов.

Оқыңыз:

«Құс фабрикасы» электр қуаты үшін 101 млн теңге қарыз. Мәселені шешпеген төрағаға тұрғындар наразы

«Құс фабрикасындағы» даудан Батыс Қазақстан аумақтық электр желілері компаниясы да әуре-сарсаңға түсіп отыр. «Батыс Қазақстан АЭЖК» ЖШС-ның бас директоры Рүстем Майранов мамандарымен бірге отырып, Sarapshy.info агенттігіне мән-жайды түсіндірді.

28 қаңтар күні Асылбек Қабесов компания кеңсесіне келіп, кәсіпорынға келісімшартты бұзатыны жөнінде өтініш жазған. Одан кейін Баетов келіп, күнде берешекті төлеп тұрам деп, кепілхат беріп кеткен. Бірақ 3 ақпанда келіп, ол құжатты қайтарып алған.

Оқыңыз:

«Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігінің тұрғындары ереуілге шықты

«Батыс Қазақстан АЭЖК» 3 ақпан күні электр қуатын ішінара өшіреді. «Құс фабрикасында» 10 трансформатор бар. Сол күні соның төртеуін тоқтан ажыратқан. Содан кейін тұрғындар наразы болып, жолды жапқан. «Құс фабрикасы» бау-бақша бірлестігінің электр қуатына жалпы төлемі бір айға 20 млн  теңгеден келеді екен. Жаңа төраға келісімшарт жасасқан, бірақ кепілхатты әлі күнге бермеген.

«Бұрынғы төраға уақтылы төлеп жүрді. Мәселе туындаса, телефон қоңырауына жауап беретін. Осылай он жыл жұмыс істедік. Ол кеткеннен кейін шу басталды. Сенбі күні басшылармен барып, Баетовқа жолықтық. «Ақша бар, бермеймін» деді. Маған трансформаторды ауыстыр дейді. Үкіметтің затын қалай беремін?», — деді Рүстем Майранов.

«Батыс Қазақстан АЭЖК» әлі күнге Қабесовпен келісімшартты бұзбаған. Дау сол – төрағалар ауысатын кездегі 20 млн теңге қалдық. 28 қаңтар күні Асылбек жұмысынан кеткен. 30 қаңтар күні компания тариф есебін шығарған. Коммуналдық төлем түбіртегін ақпан айында табыстаған.

«Құс фабрикасының» электр желілері тозған. Кәсіпорын басшысы Рүстем Майранов компанияның инвестициялық бағдарламасы бойынша электр жүйесін жаңалай алмайтынын айтты. Себебі «Құс фабрикасы» саяжай массиві болып есептелінеді. Барлық электр желісі мен трансформаторлар – бірлестік меншігінде.

Қазіргі кезде «Зашаған» бау-бақша бірлестігі бойынша 152 млн 243 мың теңге дебиторлық берешек бар. Қабесов жұмыстан босағанда, 1 қаңтарда 52 млн 390 мың теңге қарыз болды. Қаңтар айы бойынша 20 млн теңге берешекті не Қабесов, не Баетов бізге төлеген жоқ. Қабесов мамыр, маусым және шілде айларының берешегін төлемей отыр. Тамыз айы аяқталды, тағы 15 млн теңге қарыз қосылады деген сөз. Баетовтың төлемей отырғаны заңсыз. Келісімшарт бойынша әр айдың 25-іне дейін есеп айырысуы керек», – деді жетекші инженер Гүлнар Теміралиева.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от SARAPSHY.INFO (@sarapshy.info)

Облыс бойынша 200 саяжай қауымдастығы бар. Соның ішінде компания үшін ең даулысы «Құс фабрикасы» болып отыр. Компания басшысы облыс және қала әкімдігіне, прокуратураға және басқа органдарға Баетовтың заңсыз төлемей отырғаны жөнінде шағым түсірген. Сот компания арызын қабылдамаған.

«Бірыңғай шот бар. Тұрғындар Каспимен де, кассамен де төлеп жатыр. Бірақ нақты кім төленгені көрінбей жатыр. Осыны тұрғындар нақтылауы керек. Әр абонент Каспидегі түбіртек сканерін көрсету керек. Сонда Баетов қанша төлегенін анық біледі. Өткен айда 56 адам Каспимен төледі», — деді Майранов.

14 тамыз күні бір топ тұрғын «Құс фабрикасында» жиын жасады. Олар қазіргі төрағаның жұмысынан кетуін талап етті. Тұрғындар жеті айда жаңа төраға жағдайды реттемегенін айтты. Баетов сауалдарына жауап бермейді деп мәлімдеді.  «Батыс су арнасы» ЖШС-на қарыз 3,7 млн теңгеге жеткен.

Асхат Баетов кәсіпорындарға нақты талап қойып отырғанын айтты.

Бүгінде «Құс фабрикасы» қаланың тұтас бір бөлігіне айналған. Бірақ әкімдік саяжай бірлестігіне елді мекен мәртебесін беруге келіспей отыр. Белсенділердің талап етуімен «Құс фабрикасының» кейбір көшелеріне жол салынған. Бірақ әлі күнге әлеуметтік мәселелер шешілмей отыр. Жарық жиі өшеді. Үйлерге су келмей қалады. Көгілдір отын жүйесінде ақау бар.

Оқыңыз:

Қала әкімдігі саяжай дауынан тағы да тыс қала ма?

Орал әкімдігі саяжайдағы дауды тұрғындар өзі шешеді деген ұстанымда.

«Аталған саяжайда бірқатар мәселе бар. Төрағаның ауысуына, электр қуатын таратын компанияға бережақтың көбеюіне, қызмет сапасына байланысты тұрғындар наразылық білдіріп жатыр. Трансформаторды күтіп-ұстау — сол саяжайдың міндеті. Төрағаны қоғамдық сайлау арқылы бекітеді. Қазіргі уақытта аудит жүріп жатыр. Соның нәтижесінде халық берешегі ме әлде төраға қарызы ма – сол мәселе анықталады. Алдағы уақытта үш трансформаторды ауыстырып беруді көздеп отырмыз», — деді қала әкімінің орынбасары Азамат Халелов.

Редакция бұл ақпараттардың растығына немесе тараптардың кінәсіздігіне қатысты ешқандай құқықтық баға бермейді. Материал тек қоғамдық маңызы бар оқиғаны объективті шолу ретінде ұсынылады және қорытынды шешімді құзырлы органдар қабылдайды.

фото: pexels

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды. 2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Батыс су арнасы» «Құс фабрикасы» бау-бақша серіктестігі Азамат Халелов Асхат Баетов Асылбек Қабесов Басты ақпарат Батыс АЭЖК Батыс Қазақстан аймақтық электр желілік компаниясы бау-бақша серіктестігі БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы дау-дамай мәселе наразылық Нұртай Текебаев Орал сарапшы инфо Саяжай электр жарығы энергетика
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Өте өзекті

Орал дүкендерінде тұз тапшы болып жатыр: Ресей экспортты тоқтатты

28/11/2025
жаңалық

Қазақстанда киік мүйізі Data Matrix кодымен таңбаланады

27/11/2025
Саясат

«Қоғамдық кеңестердің қолында ешқандай тетік жоқ»

26/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.