Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 4 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Редакция таңдауы»Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді
Наргиза Ерес Редакция таңдауы 20/02/2025

Қарашығанағы бар БҚО экономикасы республикалық бюджетке тәуелді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Батыс Қазақстан облысы – елдегі мұнай өндіруші маңызды аймақтардың бірі. Мұнда «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» сияқты алып кәсіпорындар бар. Бірақ облыстың экономикалық дербестігі туралы айту қиын. Көп аудандар даму қарқынынан қалып қойған, ал аймақтың негізгі кірісі республикалық бюджеттен бөлінетін трансферттерге тәуелді. Бұл жағдай қайда апарады? Елдегі батыс өңірдің ахуалы қандай, бұл туралы экономист Руслан Сұлтановтың economy.kz басылымына арнайы талдауын ұсынған.

Қалаға шоғырланған халық, босап жатқан ауылдар

Батыс Қазақстан облысында 693 261 адам тұрады. Оның 56,5%-ы Орал қаласына шоғырланған. Бұл қаланың жалғыз экономикалық орталыққа айналғанын көрсетеді. Ал ауылдық аудандарда халық азайып, экономикалық белсенділік төмендеп барады.

Халқы ең көп аудандар:

• Орал қаласында – 361 940 адам

• Бәйтерек ауданы – 61 081 адам

• Бөрлі ауданы – 57 997 адам

• Теректі ауданы – 39 052 адам

• Ақжайық ауданы – 35 691 адам

Халқы ең аз аудандар:

• Шыңғырлау ауданы – 12 951 адам

• Қаратөбе ауданы – 13 497 адам

• Жәнібек ауданы – 14 326 адам

• Бөкей ордасы ауданы – 14 344 адам

• Сырым ауданы – 17 202 адам

Бұл сандар аймақта халықтың тең бөлінбегенін көрсетеді. Болашақта ауыл халқы азайып, тұрғындар түгелдей қалаға қоныс аударуы мүмкін. Бірақ мұндай тенденция облыстың ұзақ мерзімді дамуына үлкен қауіп төндіреді.

Экономика: өз кірісінен гөрі бюджетке тәуелді аймақ

Облыстың жалпы кірісі – 532,07 млрд теңге, бірақ 60,4%-ы республикалық бюджеттен бөлінетін субсидиялар. Бұл аймақтың өз бетінше қаржы табу мүмкіндігі шектеулі екенін білдіреді.

Ең көп табыс әкелетін аудандар:

• Орал – 43,93 млрд теңге

• Бөрлі ауданы – 13,5 млрд теңге

• Бәйтерек ауданы – 6,55 млрд теңге

• Теректі ауданы – 3,65 млрд теңге

• Ақжайық ауданы – 2,96 млрд теңге

Ең аз табыс әкелетін аудандар:

• Қаратөбе ауданы – 996 млн теңге

• Шыңғырлау ауданы – 1,03 млрд теңге

• Бөкей ордасы ауданы – 1,21 млрд теңге

• Тасқала ауданы – 1,36 млрд теңге

• Жәнібек ауданы – 1,38 млрд теңге

Облыста мұнай өндіретін ірі кәсіпорындар жұмыс істеп тұрса да, оның пайдасы жергілікті бюджетке тікелей түспейді. Табыс республикалық деңгейде қайта бөлініп, облысқа аз ғана бөлігі қалады.

Салықтар: шағын бизнес әлсіз, жүктеме халыққа түсіп тұр

Аймақтың салық түсімдерінің негізгі бөлігі жеке тұлғалардан (36%) және әлеуметтік төлемдерден (37%) тұрады. Ал бизнес төлейтін корпоративтік салық бар болғаны 15% ғана. Бұл облыста шағын және орта кәсіпкерліктің әлсіз екенін дәлелдейді.

Халықтан жан басына шаққандағы салық мөлшері жоғары аудандар:

• Бөрлі ауданы – 219,8 мың теңге

• Сырым ауданы – 113,8 мың теңге

• Орал қаласы – 105,7 мың теңге

• Бәйтерек ауданы – 103,5 мың теңге

• Жәнібек ауданы – 92,1 мың теңге

Ең төменгі салық түсетін аудандар:

• Қаратөбе ауданы – 70,7 мың теңге

• Жаңақала ауданы – 71,9 мың теңге

• Шыңғырлау ауданы – 77,1 мың теңге

• Тасқала ауданы – 77,5 мың теңге

• Бөкей ордасы ауданы – 81,5 мың теңге

Бизнес салығы аз, халықтан түсетін салық көп. Бұл шағын кәсіпкерлерге қолдау жеткіліксіз екенін және экономиканың негізінен халық есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді.

Бюджет шығындары: білім көп қаржыландырылған, медицина мен әлеуметтік көмек ақсап тұр

Облыс бюджеті 559,06 млрд теңге. Оның негізгі бөлігі білім саласына бөлінген (38,3%). Ал денсаулық сақтау жүйесіне небәрі 2,7% қаражат жұмсалған.

Ең көп қаржы жұмсалған аудандар:

• Орал – 16,82 млрд теңге

• Бөрлі ауданы – 3,83 млрд теңге

• Бәйтерек ауданы – 3,05 млрд теңге

• Теректі ауданы – 2,81 млрд теңге

• Сырым ауданы – 1,82 млрд теңге

Ең аз қаржы бөлінген аудандар:

• Жаңақала ауданы – 785 млн теңге

• Тасқала ауданы – 809 млн теңге

• Шыңғырлау ауданы – 992 млн теңге

• Жәнібек ауданы – 1,13 млрд теңге

• Қаратөбе ауданы – 1,21 млрд теңге

Медицинаның қаржыландырылуы өте төмен. Облыстың тұрғындары емделу үшін көрші өңірлерге баруға мәжбүр.

Батыс Қазақстан облысы экономикалық әлеуеті жоғары аймақтардың бірі болуы тиіс, бірақ қазіргі таңда оның дамуында айтарлықтай кемшіліктер бар. Атап айтқанда:

  • Бюджетке тәуелділік – облыс кірісінің 60%-дан астамы республикалық субсидиялардан келеді.
  • Өңірлік теңсіздік – халық негізінен Орал қаласына жиналған, ал басқа аудандардың даму қарқыны өте баяу.
  • Шағын бизнес әлсіз – кәсіпкерлікті дамытуға нақты қолдау көрсетілмей отыр, бизнеске салынатын салық көлемі аз.
  • Қаржы бөлудегі сәйкессіздік – білімге үлкен қаражат бөлінеді, ал медицина мен әлеуметтік қызметтерге өте аз қаржы қарастырылған.

Не істеу керек?

  • Шағын және орта бизнесті дамыту – кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, салықтық жеңілдіктер беру.
  • Өңірлер арасындағы теңсіздікті азайту – инвестицияларды шағын аудандарға бағыттау.
  • Экономиканы әртараптандыру – мұнайдан басқа, логистика, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларын дамыту.
  • Бюджеттік тәуелділікті азайту – аймақтың өзін-өзі қамтамасыз ету деңгейін арттыру.

Қазір Батыс Қазақстан облысы орталық бюджетке үміт артып отыр. Бірақ бұл саясат ұзақ мерзімді тұрақтылыққа кепілдік бермейді. Егер нақты реформалар жасалмаса, өңір дотациялық аймақ болып қала бермек.

 

Суреттер: qazaqgeography.kz

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025
Экономика

Қазақстан экспорты мұнай секторы есебінен тұрақтылығын сақтап отыр

06/05/2025
жаңалық

Қазақстандағы қант өндірісі дағдарыс алдында тұр

13/03/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.