31 тамыз күні кешкі сағат 21:00 шамасында Қарағанды облысында полицей әріптесінің қолынан қаза тапты. Бұл туралы өңірлік полиция департаменті хабарлады.
Ресми ақпарат бойынша, жас сержант абайсызда қызметтік қарудан атып жіберген. Салдарынан оның әріптесі басынан жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.
Қайғылы жағдайға қатысы бар қызметкер қамауға алынды.
Екі қызметкер де жұмысқа биыл қабылданып, Жезқазғандағы Ішкі істер министрлігінің қорғау басқармасының екінші батальонында еңбек еткен.
фото: istockphoto.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

