Қарағандыда полицияның тірек пункттерінің бірінен әйелдің мәйіті табылды. Бұл туралы облыс полициясына сілтеме жасап «Курсив» басылымы жазды.
Аталған жағдайға байланысты қылмыстық іс қозғалған. Қазір оқиғаның мән-жайы мен өлім себебі анықталып жатыр. Ал оқиға орнында ес-түссіз жатқан полиция қызметкері медициналық мекемеге жеткізілді.
«Аталған жағдайды жан-жақты әрі объективті тексеру үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылып, қызметтік тергеу тағайындалды», – делінген ақпаратта.
– Барлық іс-әрекет мұқият зерттеліп, кінәлілер қатаң жауапкершілікке тартылады, – деді полиция.
«Патриот» телеграм-арнасының жазуынша, учаскелік инспектордың жағдайы өте ауыр. Мақажанов атындағы клиниканың дәрігерлері оның өмірі үшін күресіп жатыр. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Фото: Instagram/Policebqo

