Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Дүйсенбі, 2 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Қарағанды облысының Шет ауданында электр қуаты тапшы
Арайлым Еркебаева жаңалық 22/02/2025

Қарағанды облысының Шет ауданында электр қуаты тапшы

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қарағанды облысының Шет ауданында электр қуатын жеткізу мәселесіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Бұл жөнінде аудан әкімдігі хабарлады.

Ауданда электр желілері апатты жағдайда деп танылған.

Кейінгі жылдары аудан орталығында және ауылдарда тоқ жиі сөніп қалады. Тұрғындар бірнеше рет мәселе көтеріп, облыс және аудан әкімдіктері мен тиісті мекемелер кеңселерінің табалдырығын тоздырған.

-Жел күшейген кезде тоқ сөніп қалады. Былтыр Жаңа жыл мерекесі кезінде боран соғып, бес күн бойы тоқ болмады. 2021 жылы Шет ауданындағы Шопа ауылына көшіп келгенмін. Сол кезде ауылда 100 киловаттық трансформатор тұрды. Соның кесірінен кейде тоқ кернеуі күшейіп, қаншама үйдің тұрмыстық техникалары пайдалануға жарамсыз болып қалып жататын. Содан «Шет-Энерго» ЖШС-мен соттасып жүріп, 160 киловаттық трансформаторды қойғызғанбыз. Электр желілері әбден тозған, оны жөндеуге компания инвестиция салмайды. Әбден ескірген сым бойында электр қуатының біраз бөлігі жоғалып жатыр. Жоғалған тоқ шығынын кім өтейді деген заңды сауал туындайды. Тоқты таратушы мекеме оны жеткізуші компаниямен келісімшарт жасасуы керек. Бұлай істеуге «Шет-Энерго» мүлдем құлықсыз. Екі ортада халық зардап шегіп отыр. Мұндай жағдай – Қазақстан бойынша ортақ мәселе, — дейді қоғам белсендісі, Шопа ауылының тұрғыны Жексен Абдрахманов.

Шет ауданының әкімдігі электр энергиясын беруді қалпына келтіру үшін жергілікті ауқымда төтенше жағдай режимін жариялады. Шенеуніктердің бұдан басқа амалы қалмаған. «Шет-Энерго» ЖШС «Жезқазған электр тарату желісі компаниясы» АҚ-ның электр энергиясын беру жөніндегі талаптарын орындамайды. «Шет-Энерго» ұзақ жылдар бойы электр желілерін жаңғыртуға қаражат бөлмеген. Соның салдарынан электр қуаты жиі сөнеді. Аудан тұрғындары тоқсыз, тіпті кейбірі жылусыз да қалып қояды.

-Тоқ өткізуші компания мен тоқ беруші «Шет-Энерго» ЖШС арасында келісімшарттың болмауы және ұзақ жылдан бері ескірген желілердің жөнделмеуі жағдайды ушықтырып отыр. Бұл кәсіпорын алдағы уақытта тұрғындарға сапалы қызмет көрсете алмайтындықтан, заң шеңберінде реквизиция жасау мәселесі қарастырылады. Осы орайда аудандағы электр желілері мен подстанцияларды дереу қалпына келтіруге аудан аумағындағы кәсіпорындарды тарту мәселесі қарастырылып отыр, — деп мәлімдеді Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров.

Аудан аумағында 3000-ға жуық үй мен 43 әлеуметтік нысан бар. Жалпы 15 мыңнан астам адам тұрады.

Үкімет бұл мәселе жөнінде хабардар. Облыс әкімдігіне түйткілді шешу жөнінде тапсырма берген. Әкімдік осыдан үш ай бұрын «Шет-Энерго» компаниясының мүлкін мемлекетке қайтарғысы келетінін хабарлаған.

«Шет-Энерго» ЖШС 27 елді мекенді электр қуатымен қамтамасыз етіп келеді.

фото: pexels

Автор

  • Арайлым Еркебаева

    филолог, журналист. Е.Бөкетов атындағы ҚарМУ филология факультетінің түлегі. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы "5 арна" телекомпаниясында журналист болып бастаған. "Жас Алаш" республикалық газетінде, Inbusiness.kz сайтында тілші болды. 2024 жылдан бастап sarapshy.info порталының тілшісі.

    Барлығын қарау
Қарағанды облысы мәселе электр қуаты Электр тоғы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025
жаңалық

eGov Mobile интернетте таралған жеке деректерді анықтайтын жаңа сервисті ұсынды

05/05/2025

Жаңа мақалалар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

24/05/2025

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.