Қарағанды облысы Абай ауданы Қарағанды ауылдық округінде 110 қой қырылып қалды. Ұсақ мал өлімі 14 шілде күні болды. Далада өлген қойдың иесі бейнежазба таратқан.
View this post on Instagram
«Мал жаюға күнделікті қолданылатын жайылымнан кейін ұсақ малдың улану жағдайы тіркелді. Жануарлар бір су көзінен суарылды. Бұл жағдай улану салдарынан болуы мүмкін деп болжануда», — деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметшісі.
Қазіргі уақытта зертханалық зерттеу жұмысы жүргізілуде. Соның нәтижесінде нақты себептер анықталады.
Ресми дерек бойынша аса қауіпті инфекция тіркелмеген. Әкімдік қазіргі уақытта эпизоотиялық жағдай тұрақты деп есептейді.
фото: pexels

