Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Бейсенбі, 9 апреля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Сұқбат»«Қандастарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап»
Нұртай Текебаев Сұқбат 24/03/2026

«Қандастарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттың ұлы көші, атажұртқа оралу үдерісі сан ғана емес, сананың жаңғыруына айналғаны анық. Осы жолда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы талай жыл бойы сырттағы ағайынға бағыт-бағдар беріп, елге деген үміттің шырағын өшірмей келеді. Алайда уақыт өзгерген сайын көші-қон саясаты да жаңаша көзқарасты талап етуде. Қандас тағдыры – құр статистика емес, тар жол, тайғақ кешудегі тағдырлар тоғысы. Бүгінгі талап пен шектеудің ара-жігін ажырату – ұлттың болашағына тікелей әсер ететін пайым.

Осыған орай қоғамда қызу талқыға түскен түйткілдер төңірегінде Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Алматы филиалының басшысы, ақын Мұратхан Шоқанмен тілдестік. Көші-қон саясаты, қазіргі бағыты туралы сұхбатты оқырман назарына ұсынамыз.

 Мұратхан аға, жуырда Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы филиалына жетекші болып тағайындалдыңыз. Ерекше ерік-жігерді талап ететін, жауапкершілігі зор қызмет қой.

Егемендік алғаннан кейін еліміздің түкпір-түкпіріне, оның ішінде Алатау бөктеріндегі Алматы қаласына сан мыңдаған қазақ ағылды. Кіндік жұртқа келген көштің маңызы туралы айтсаңыз. Кейінгі жылдары Қазақстан осы бір ұлы көшті саябырсытып алғандай көрінеді.

– Биыл қазақ көшіне – 35 жыл. Келер жылы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының құрылғанына да 35 жыл толмақ. Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңінен бастап бұл ұйым ұлт көшінің ұйытқысына айналып, атажұртқа ағылған ағайынға бағыт-бағдар беріп, көштің қарқынын күшейтуге өлшеусіз үлес қосты.

Қандастармен бірге елге тек адам саны емес, ұлттың жаны оралды. Тіліміз тірілді, діліміз жаңғырды, салт-дәстүріміз қайта салтанат құрды. Мәдениет пен өнерде, ғылым мен білімде, кәсіп пен нәсіпте олардың қолтаңбасы айқын. «Мемлекеттің басты қазынасы – халық» десек, сол қазынаны еселеген де осы көш. Бүгінде елдің әр өңірінде еңбек етіп жүрген, аты алысқа кеткен азаматтардың арасында да қандастар аз емес.

Ендеше, Жаңа Қазақстан үшін көшті тоқтатпау – стратегиялық міндет. Көші-қон саясатына немқұрайлы қарау – ұлт болашағына салғырт қараумен тең.

Биыл шеттен келетін қазақтарға талап күшейді. Қазақ тілінен емтихан тапсырады. Құжаттарын ресми органда бірнеше рет сүзгіден өткізеді.  Заң жобасы қандастар көшінің кідіруіне себеп бола ма деген сауал отандастарымызды алаңдатып отыр.

–  Сыртта қалған қазақ – жай ғана статистика емес, ол – тағдыр. Миллиондаған қандастардың туысы, бауыры әлі де шекара сыртында, атажұртқа аңсары ауып отыр. Осындай кезде Қазақстан азаматтығын алу үшін қазақтарға тест тапсыруды міндеттеу – ақылға қонбайтын талап.

Шетелдегі ағайынның жағдайын ескерейік, жасы бар, жасамысы бар – онлайн тестілеуге дайын емес. Тіпті ортақ үлгідегі әліпби жоқ, кириллицаны танымайды, қаріпті оқи алмайды. Тілді біледі, бірақ бірден төселіп кете алмайды.

Соның салдарынан қарапайым рәсім олар үшін алынбас қамалға айналып отыр. Ал осы әлсіздікті пайдаланған делдалдар қалтасын қампайтумен әлек.

Бұл – тек бюрократиялық мәселе емес, нақты айтқанда, сенім мәселесі.

 Әлеуметтік желіден қандастар мәселесін қозғап, дабыл қағып үлгеріпсіз…

– Жуырда Астанада өткен дөңгелек үстелде де осы түйткілдер ашық айтылды. Өкінішке қарай, көші-қон саласындағы кейбір ережелер көштің баяулауына ғана емес, елге келген қандастардың көңіліне сызат түсіруге себеп болып отыр. Өз еркімен келіп, өзегіне тебілгендей күй кешкен адамның көңілін суыту – сырттағы ағайынның да үмітін үзу.

Ал үміті үзілген жұртты кім пайдаланып кетпейді?.. Сондықтан бұл мәселені созбалаңға салмай, батыл шешімдер қажет.

Әсіресе Қытайдағы қазақтарға қолдау көрсету ауадай қажет. Өйткені әрбір қолдау – ассимиляцияға қарсы тосқауыл. Әрбір нақты қадам – алыстағы ағайынның үмітін тірілту. Бұл – жай көші-қон емес, бұл – ұлттың сақталу мәселесі.

 Бір сөзбен айтқанда, қандастарды қолдау шараларын күшейту керек дейсіз ғой.

– Шеттегі қазақтың бәрінің жағдайы бірдей емес. Бірінің  дәулеті бар, бірінің тұрмысы төмен. Бірінің мүмкіндігі зор, бірі – мұқтаж. Осыны мен бір өлеңімде былай жеткізген едім:

Алатаудан ауған бұлт

Бізге жаумай өтпейді,

Бұлтай көшіп ел қашан

Атажұртқа беттейді?!

Беттер еді-ау көбінің,

Қолы аузына жетпейді…

Иә, қолы аузына жетпей жүргендер аз емес. Ал сол қиындықты бұзып-жарып, атажұртқа жеткенде, біз оларға сүйеніш бола алмасақ,  елдігімізге сын.

 Қазақстанда барлық өңірде қандастарға квота беріле бермейді. Оған қоса елге оралған қазақтарды белгілі бір аймақтарға қоныстандыру жөнінде нақты талап қойылу керек деген ұсыныс-пікір айтылып жүр.

– Мемлекеттің қандастарды сегіз өңірге орналастырып, қаржылай қолдау көрсетуі – құптарлық іс. Бірақ бәрін бір өлшемге салу дұрыс емес. Өз күнін өзі көре алатын азаматтарға таңдау еркіндігі берілуі тиіс. Олар қай өңірге барса да, азаматтық алуына кедергі болмауы керек.

Бұл – әділет. Бұл – құқық. Бұл – мемлекет деңгейінің көрсеткіші.

Ал керісінше болса, онда Қазақстандағы адам құқығы туралы айту – бос сөзге айналады.

Күрмеулі мәселе көп, халықаралық ұйымның жоба-жоспары көп шығары?

– «Ойда сиырдың мүйізі сынса, тауда бұғының мүйізі сырқырайды» дегендей, қандас мәселесі – бар қазақтың мәселесі. Оны сырттай бақылап отыратын емес, жүрекпен сезінетін уақыт келді.

Мен Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Алматы филиалына басшылық қызметке кірісіп жатырмын. Бұйырса, осы бағытта нақты істерге көшіп, жаңа жобалар арқылы ұлтқа қызмет етуді мақсат етемін.

Автор

  • Нұртай Текебаев

    Нұртай Текебаев - 2013-2015 жылдары аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі, 2015 жылдан бастап облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі» газеті редакциясының тілшісі, арнаулы тілшісі, бөлім басшысы, бас редактордың орынбасары, республикалық kursiv.media, durbi.kz сайттарының тілшісі болды.
    2021-2023 жылдары «Sarapshy.info» сараптамалық ақпараттық агентігінің шеф-редакторы, 2024 жылдан бас редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2026 жылы Алматы Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы жоба иммигрант көші-қон Көші-қон мәселесі Қазақ тілі Қандас қандастар қоғам Қытай мигранттар Мұратхан Шоқан Нұртай Текебаев өзекті сұқбат тест Үшінші ақпарат Электрондық құжат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026
жаңалық

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

31/03/2026
жаңалық

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: күдікті қамауға алынды

27/03/2026

Жаңа мақалалар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

жаңалық 09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

жаңалық 07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

жаңалық 01/04/2026

БҚО-да балалар отырған автобус апатқа ұшырады

жаңалық 31/03/2026

Оралда алаяқтықпен тапқан ақшаны дропперлер арқылы айырбастамақ болған топ ұсталды

жаңалық 31/03/2026
Сайт мұрағаты
Сәуір 2026
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930  
« Мар    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да жүрек ауруына шалдыққандар саны 4000-нан асты

09/04/2026

Алматыда көлік апатына кінәлі деп танылған күдікті абақтыға қамалды

07/04/2026

Биыл БҚО-да үй кезегінде тұрғандарға 776 пәтер беріледі

01/04/2026

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2026 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.