Алматы әуежайында суррогаттық жолмен туылған сәбилерді елден алып шықпақ болған келген екі қытайлық отбасы ұсталды. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті хабарлады.
11 қарашада екі жұптың Қазақстаннан сәби алып кетпек болғаны белгілі болды. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 135-бабы 1-бөлігі («Кәмелетке толмағандар саудасы») бойынша іс қозғалған.
Қазір іс бойынша тергеу жалғасып жатыр.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

