Алматы облысының Іле ауданындағы металл қабылдау пунктінде болған жарылысқа әскери мина себеп болуы мүмкін. Бұл туралы кәсіпорын иесі Әмірбек Шербаев хабарлады.
Шербаев цехті металл өңдеумен айналысатын қытайлық компанияға жалға берген. Оның айтуынша, жарылыстың себебі –металл сынықтарының арасынан табылған қауіпті қалдықтар.
«Компания арзан бағамен сатып алған металдың ішінде әскери қоймалардан шыққан жарылғыш заттар болуы мүмкін. Олардың арасындаҚорғаныс министрлігінің істен шыққан миналары да бар», — деді кәсіпкер.
Қорғаныс министрлігі мина туралы ақпаратты әзірге растаған жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қыркүйекте Іле ауданындағы металл қабылдау пунктілерінің бірінде белгісіз зат жарылып, үш адам қаза тапты. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары еді.
Қазір полиция апат орнын тексеріп жатыр.
2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласындағы әскери қоймада өрт шықты. Қайғылы оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, тағы 31 азамат жарарақат алды.
фото: istockphoto.com

