Алматы облысындағы Қарасай шекара бөлімшесінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз көз жұмды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі хабарлады.
Сарбаз 27 қыркүйекте әскерге шақырылып, бір апта өткен соң көз жұмған. Жақындарына оның менингитпен ауырғаны хабарланғанымен, туыстары сарбаздың әскерге дейін денсаулығы жақсы болғанын айтады.
Ведомствоның мәліметінше, алдын ала медициналық қорытындыда өлім себебі менингококцемия деп көрсетілген. Бұл жағдай бойынша Наурызбай аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу бастап, қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр.
Марқұмның әпкесі Динара Мейрамбекқызының айтуынша, ол інісінің сүйегін алу үшін бірнеше мекенжайды аралап шыққан.
4 қазанда Алматыда міндетті қызметін атқарып жүрген сарбаз әскери бөлімше ғимаратының үшінші қабатынан секіріп кетті.
фото: istockphoto.com

