Алматыда міндетті әскери қызмет атқарып жүрген сарбаз әскери бөлімше ғимаратының үшінші қабатынан секіріп, аман қалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы хабарлады.
Оқиға 4 қазанда №5571 әскери бөлімшесінде болған. Ведомствоның мәліметінше, сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысын жоғалтқан және қатты күйзеліске түскен.
Бақылау камераларынан сыртқы араласу белгілері анықталмады.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың көктемгі шақыру науқаны кезінде қауіпті мінез-құлық белгілері байқалған 470-тен астам азамат әскерден босатылды.
фото: istockphoto.com

