Отар маңында жоғалған Қорғаныс министрлігіне тиесілі әскери тікұшақтың бөлшектері табылды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.
Министрлік мәліметінше, ғарыштық мониторинг кезінде Сорбұлақ көлінің акваториясында майлы дақ байқалған. Қазір іздестіру-құтқару операциясына 200-ге жуық маман, 40 техника, 15 су көлігі, суасты дрондары мен 2 әуе кемесі тартылған.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Алматы маңында бортында 3 адам бар ЕС-145 әскери тікұшағы радардан жоғалып кетті.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

